Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Жарияланған күні: 02-06-2019  



07-04-2019  

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні.

icon 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Дүниежүзілік денсаулық ұйымына әр жылды медицинадағы көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады. Бұл шара адам өз өмірінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, оны жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдауы үшін өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық күні аясында 05.04.2019ж синхронды түрде таңғы жаттығу, үгіт-насихат шаралары ұйымдастырылды. Биылғы Дүниежүзілік Денсаулық күні еліміздің барлық өңірлерінде «Денсаулық баршаға» ұранымен өткізілді. Денсаулық күніне орай өткен таңғы жаттығуға мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары, жоғары сынып оқушылары және де көмекші сынып оқушылары қатысты. Барлығы 435 оқушы мен 35 мектеп қызметкерлері қамтылды.  

01-04-2019  

«Оқушы үні»

icon«Оқушы үні» қорабын ашу, оқушылардың пікірін қарау.Жиналысқа «Оқушы үні» жобасы бойынша құрылған комиссия мүшелері қатысты. Жиналысты мектеп директорының м.а. Мухашева ашып, «Оқушы үні» жобасының жалпы мақсаты оқушы пікірін есепке ала отырып оқуды жақсарту, оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты нығайту екенін айтып өтті. Осы мәселе бойынша оқушылар пікірі жазып салынған қорапты тәрбие ісінің меңгерушісі С.Джетимекова ашып, оқушылар тарапынан жазылған хаттар оқылды. Оқушылардың қолымен жазылған хаттарды оқи отырып, көптеген оқушыларымыз мектеп ауласына жасыл көгал төсеуін сұрағандығы анықталды. Бастауыш сынып оқушыларының бастауыш сыныптарға арналған спорт зал салуды сұрап жазған екен. Бір оқушы мектепте «Би» үйірмесін ашуды өтініп сұраған. Тағы бір оқушымыз мектепте жазғы сауықтыру лагерін ашуды сұрап жазған. Кейбір оқушыларымыз мектепте сыныптар және дәліздер жаңа компьютерлермен және техникамен жабдықтауды сұрап жазған хаттары қаралды. Директордың м.а А.Мухашева оқушылар тарапынан жазылған хаттарды ескере отырып, болашақта мүмкіндігінше жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті. 

01-04-2019  

Республикалық олимпиадасы

icon Қарақия аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінде өткен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінің республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары Сарыбекова Мадина және Сұлтанова Гаухар белсенділік танытып ІІІдәрежелі орынды иеленді . Жетекшісі:Қарақожаева Сабира. Құтықттаймыз.  

01-04-2019  

Қарахожаева Сабира

iconМектебіміздің Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қарахожаева Сабира ҚР Білім және ғылым министірлігінің "Құрмет грамотасымен" марапатталды. Мектебіміздің атынан сізді шын жүректен құттықтап жұмысыңызға табыс тілейміз. 

07-03-2019  

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара

icon

04-03-2019  

«Жаңа идеялар ағыны» коучинг

iconТәжірибе алмасу мақсатында 04наурыз күні мектеп әдіскері Берсүгірова Нұрсұлуәріптестерімен «Жаңа идеялар ағыны»тақырыбында коучинг өткізді Коучинг мақсаты Жаңа идеяларға смарт мақсат қоя отырып қол жеткізу. Коучингті қорытындылау барысында әр мұғалімге бүгінгі алған білімдері жөнінде бір сөз айтып,алған әсерлері мен тілектерін бөлісу барысында кері байланыс орнатылды. Стикерлерге өз ойларын жазып,тілек ағашын безендірді. 

01-03-2019  

Алғыс айту күні

icon

19-02-2019  

Ілияс Жансүгіров, Мәшһүр Жүсіп оқулары

icon19.02.2019 жылы № 5 орта мектебінде Аудандық Ілияс Жансүгіров, Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті. Мектебіміздің оқушылары қатысып белсенділік танытып жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ: Мәшһүр Жүсіп оқулары бойынша Кабулов Муса - бас жүлде иелендіНәдір Мөлдір - 2 орын иелендіТокаева Мадина - 2 орын Жаңалыкова Альбина - 3орын Жетекшілері: Каракожаева Сабира  Алдабергенова Айжан  Ілияс Жансүгіров оқулары бойынша  Нәдір Бағилаш - 2 орын иеленді  Жетекшісі: Теңізбаева Ғалия. 21 ақпан күні өтетін облыстық Мәшһүр Жүсіп оқуына жолдама алған бас жүлде иегері Кабулов Муса бұйырды. Сәттілік 

15-02-2019  

"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ"

icon15.02.2019 жылдың  мектеп тәлімгері Кемелханқызы Шынардың   ұйымдастыруымен өткен  5-сыныптар  арасында  "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ"  сайысын өткізді. Сайыс 5  бөлімнен  тұрады  атап айтсақ  1. Жалғасын тап  2.Суретке қатысты  мақал тап  3. Мақал  сөздің мәйегі 4.Білгенге Маржан  5.Әзіл жұмбақ шешу  Оқушылыр  жұмбақ сайысында белсенділік танытып жулделі орындарды иеленді. Құтықттаймыз  

06-02-2019  

"Физика және спорт" тақырыбында сайыс сабағы

icon06.02.2019 жылы мектебімізде Физика,Математика, Информатика пәндеріңің апталығында 8 сыныптар арасында "Физика және спорт" тақырыбында сайыс сабағы өткізілген болатын. Нәтижесінде:І орын - 8 "Б" сыныбыІІ орын - 8 "А" сыныбы ІІІ орын - 8 "Ә" сыныбы иеленді.Мақсатымыз: Пән аралық байланыс арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру. 

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

25 мамыр 2020
Баскетбол 3х3"Ұлттық мектеп лига"жарысы өтті.

24.02.2020 жылы Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында Баскетбол 3х3"Ұлтт ...

02 наурыз 2020
8 сыныптар қатысқан Д.Исабековтың "Әпке" драмасы қойылым болып көрсетілді.

21.02.2020ж мектебімізде 8 сыныптар қатысқан Д.Исабековтың "Әпке" драмасы қойылым болып көрсетілді. Қой ...

27 ақпан 2020
"Өзін-өзі тану" республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.

20.02.2020 жылы мектебімізде "Өзін-өзі тану" республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Нәтижесі ...

27 ақпан 2020