17-10-2019 Республикалық, Облыстық, Аудандық алғыс хат.

Ұстаздар күніне орай АББ-де ұйымдастырылған мерекелік шараларда мектебіміздің ардагер ұстаздары Республикалық, облыстық, аудандық алғыс хаттармен марапатталды. Ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын
17-10-2019 Ұстаздар қауымының төл мерекеі. 2019ж

Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған шараларда мектебіміздің ұлағатты ұстаздары облыстық, аудандық сайыстарда жеткен жетістіктер. Ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын
16-10-2019 Мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті.

03.10.2019ж мұғалімдердің төл мерекесіне орай мектебімізде кәсіподақ мүшелері Жұмаева Күлбаршын және Қазбекова Динара апайлардың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті. Ұстаздарымызды келіп жеткен төл мерекесімен шын жүрекпен құттықтаймыз
16-10-2019 "Ұстаздың ұлы келбеті" тәрбие сағаты

Ашық тәрбие сағаты: "Ұстаздың ұлы келбеті"Мақсаты: Оқушыларды, ұстаздарды,олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.Мұғалімнің аты-жөні: Арызгулова Марфуға3 "А" сыныбы
16-10-2019 Ұстаздар қауымының төл мерекеі. 2019ж

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! Мерекелік сап түзеудің ашылу салтанатын 11 сынып оқушылар ұйымдастырды.
14-10-2019 «Адалдық сағаты» өтті.

«Мұнайшы ауылының №7 орта мектебі»КММ-де қазан айының 14 күні оқушылардың бойында адалдық,парасаттылық,отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты» өтті. Оқушылар адалдық алаңы туралы мәлімет алып,жемқорлықты жоюдың негізгі шарттарымен танысты.
14-10-2019 Қарттар күнімен тұспа тұс келген Ардагер Ұстаздарымыздың мерекесі

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр. бүгінгі келіп жеткен 1 қазан Халықаралық қарттар күнінде мектебіміздің ардагер ұстазы Кейкешова Ұлболсын апайды бастауышта тәлім-тәрбие берген білім нәрімен сусындатқан 11 сынып оқушылары,сынып жетекшілер және ТЖО үйіне барып құттықтап келді. Қарттар күнімен тұспа тұс келген Ұлболсын апайды ұстаздар күнімен де шын жүректен құттықтаймыз!!!
08-10-2019 Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.

2019 жылдың 7 қазан күні оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары бағыты, тарих секциясы бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушысы Аққұбаш Диас белсенділік танытып ІІІ-дәрежелі орынды иеленді Жетекшісі: Аманшаева Жұлдыз.Жеңімпазымызға сәттілік тілейміз
06-10-2019 Ұстаздар қауымының төл мерекеі. 2019ж

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!!!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы!!! Бүгінгі келіп жеткен №7 орта мектебінің мұғалімдерін шын жүректен құттықтаймыз!!
30-09-2019 ХІV республикалық шахмат турнирінің аудандық кезеңі