Жаңалықтар

26-02-2020  

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі.

iconБиыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі.Осыған орай мектебімізде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын 8 "Ә" сынып оқушылары ашық тәрбие сағатымен бастады. Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.   

25-02-2020  

Бастауыш сынып" апталығы өтті.

icon "Өнер-білім бар жұрттар..." 0-2 сыныптар арасында 27-31 қаңтарда "Бастауыш сынып" апталығы өтті. Апталықта көптеген интеллектуалдық ойындар, эстафеталар, ертегілер елінде қойылымдар, Абай өлеңдері мен жазу өнерліне байланысты сайыстар мен ашық сабақтар өткізілді.  

25-02-2020  

Маңғыстау облысының білім басқармасы ұйымдастырған республикалық Қадыр оқулары өтті.

icon Маңғыстау облысының білім басқармасы ұйымдастырған республикалық Қадыр оқулары өтті. Нәтижесінде " Сөздің бәрі құдіретті" бағыты бойынша 6 сынып оқушысы Зершал Іңкәр ІІІ дәрежелі орынды иеленді және "Кейбір дән ұшырып қырманда , кейбір жарым бақташы боп жүр маңда" бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Тайшық Мира ІІІ дәрежелі орын иеленді. Құттықтаймыз.  

25-02-2020  

Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған "Ұлтық мектеп лига"-" Шұбар доп" ойындары өтті.

icon27.01.2020 жылы Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған "Ұлтық мектеп лига"-" Шұбар доп" ойындары өтті. Нәтижесінде оқушыларымыз жүлделі орындармен оралды "Үздік ойыншы" номинациясы бойынша қыздар командасынан Сағнай Гаухар, ұлдар командасынан Тлеужанов Бекзат марапатталды. Сонымен қатар қыздар командасы ІІІ дәрежелі орынды иеленсе, ұлдарымыз І дәрежелі орынды иеленіп облыстық сайысқа жолдама алды. Құттықтаймыз. 

23-02-2020  

«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты мерекелік іс-шарамыздың негізгі мақсатында жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.

icon Қазақ халқы ежелден-ақ жомарт, Ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғап, талантты балаларды қолдап, қорғауды басты парыз санайды.Қазіргі таңда әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, ал біреулер өзгелердің көмегіне зәру. «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты мерекелік іс-шарамыздың негізгі мақсатында жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту. Осы орайда мектебіміздің "Жастүлек 2020" оқушылары ауылымыздың жүргізушілеріне ыстық шай мен тәттілер таратты. Жүргізушілер өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.  

23-02-2020  

«Мен offline (офлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясының жоспары жасақталып, жұмыстар жүргізілді.

iconАудандық білім беру бөлімінің 05.01.2020ж. №01-28-2 санды хатына байланысты 2020 жылдың 26 қаңтары Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен offline (офлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясының жоспары жасақталып, жұмыстар жүргізілді. Атап айтатын болсақ, 24.01-25.01 аралығында 1-11 сынып жетекшілері өз сыныптарында «Мен offline (офлайн)» тақырыбында тәрбие сағаттар өткізді.24.01. күні сурет пәнінің мұғалімі М.Қыйзатованың ұйымдастыруымен «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» 1-4 сыныптар арасында байқау ұйымдастырды. Ұшқыр идеямен салынған суреттер де болды. Суреттерді бағалауда ең үздік сурет, яғни бас жүлдеге лайықты деп 1 «В» сынып оқушысы Самат Мадияр, 1 орынға Джуманияз Әлімжан 2 «А» сынып оқушысы, 2 орынға 2«А» сынып оқушысы Сансызбай Гаухар иеленді , 3 орынға 4 «Ә» сынып оқушысы Төлесін Айтнұр мақтау қағаздарымен марапатталды. 24.01 күні қазақ тілі пәні мұғалімі Ғ.Теңізбева «Мен оffline (офлайн)» 5-11 сыныптар арасында эссе байқауын ұйымдастырды. Нәтижесінде 1 орынды Сахарбай Әділбек 6 «ә» сынып оқушысы , орынды Эммди Қарақат 5«б» сынып оқушысы . 3 орынды Жақсығат Райхан 5 «ә» сынып оқушысы иеленді. Аталған іс – шарада оқушылар смартфондардан, компьютерлерден және жаһандық желіден алшақтату, бұл күнді тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақын адамдармен қарым – қатынас жасауға немесе оны сүйікті хоббиіне арнауға көмектесу мақсатында өтті. 

23-02-2020  

"Knowledge is pawer" атты орыс тілі мен ағылшын тілі апталығы өтті.

iconМектебімізде 20.01-24.01.2020 ж аралығында "Knowledge is pawer" атты орыс тілі мен ағылшын тілі апталығы өтті.27.01.2020 ж апталықтың жабылуы өткізіліп оқушыларға марапаттар берілді. 

16-02-2020  

"Қайрымдылық жасасаң қайырын өзің көресің"

icon

29-11-2019  

2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті

icon29.11.2019 жылы 2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті.Жарыс нәтижесінде мектебімідің ұлдар командасы І орын, қыздар командасы І орындарға ие болды. Мектебіміздің оқушыларына биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!!! 

28-11-2019  

"Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепілі " атты семинар сабақтары өткізілді.

icon 28.11.2019 ж мектебімізде "Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепілі " атты семинар сабақтары өткізілді.  

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

25 мамыр 2020
Баскетбол 3х3"Ұлттық мектеп лига"жарысы өтті.

24.02.2020 жылы Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында Баскетбол 3х3"Ұлтт ...

02 наурыз 2020
8 сыныптар қатысқан Д.Исабековтың "Әпке" драмасы қойылым болып көрсетілді.

21.02.2020ж мектебімізде 8 сыныптар қатысқан Д.Исабековтың "Әпке" драмасы қойылым болып көрсетілді. Қой ...

27 ақпан 2020
"Өзін-өзі тану" республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.

20.02.2020 жылы мектебімізде "Өзін-өзі тану" республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Нәтижесі ...

27 ақпан 2020