Хабарландыру

Жарияланған күні: 02-06-2019  



17-04-2019  

"Серікбол көзі"

iconМектебіміздің оқушылары "Серікбол көзі" атты топтық сайыстан "Ізденімпаз топ" номинациясына ие болды. Жетекшісі Мысамбаева Гүлбаршын. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз♥♥♥ 

17-04-2019  

"Оқушы мүмкіндігі мен санаса аласыз ба" тақырыбында тренинг

icon07.03.2019жылы мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қарақожаева Сабира "оқушы мүмкіндігі мен санаса аласыз ба" тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты Оқушы өз мүмкіндіктері туралы көзқарастарын анықтау және қалай санасу жолдарын қарастыруын байқау; мүмкіндіктер туралы қаншалықты білетіндерін анықтау. 

10-04-2019  

"Серікбол әлемі"

icon10.04.2019 жылы аудандық "Серікбол әлемі" атты ғылыми - тәжірибелік конференциясы өтті. Мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары Аққұбаш Диас "Жаңа ғылыми бағыттар" секциясы бойынша және Тоқаева Мадина "Өлкетану" секциясы бойынша І-ІІ дәрежелі орындарды иеленді. Жетекшілері: Аманшаева Жұлдыз және Мысамбаева Гүлбаршын. Құттықтаймыз♥♥♥ 

07-04-2019  

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні.

icon 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Дүниежүзілік денсаулық ұйымына әр жылды медицинадағы көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады. Бұл шара адам өз өмірінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, оны жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдауы үшін өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық күні аясында 05.04.2019ж синхронды түрде таңғы жаттығу, үгіт-насихат шаралары ұйымдастырылды. Биылғы Дүниежүзілік Денсаулық күні еліміздің барлық өңірлерінде «Денсаулық баршаға» ұранымен өткізілді. Денсаулық күніне орай өткен таңғы жаттығуға мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары, жоғары сынып оқушылары және де көмекші сынып оқушылары қатысты. Барлығы 435 оқушы мен 35 мектеп қызметкерлері қамтылды.  

01-04-2019  

«Оқушы үні»

icon«Оқушы үні» қорабын ашу, оқушылардың пікірін қарау.Жиналысқа «Оқушы үні» жобасы бойынша құрылған комиссия мүшелері қатысты. Жиналысты мектеп директорының м.а. Мухашева ашып, «Оқушы үні» жобасының жалпы мақсаты оқушы пікірін есепке ала отырып оқуды жақсарту, оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты нығайту екенін айтып өтті. Осы мәселе бойынша оқушылар пікірі жазып салынған қорапты тәрбие ісінің меңгерушісі С.Джетимекова ашып, оқушылар тарапынан жазылған хаттар оқылды. Оқушылардың қолымен жазылған хаттарды оқи отырып, көптеген оқушыларымыз мектеп ауласына жасыл көгал төсеуін сұрағандығы анықталды. Бастауыш сынып оқушыларының бастауыш сыныптарға арналған спорт зал салуды сұрап жазған екен. Бір оқушы мектепте «Би» үйірмесін ашуды өтініп сұраған. Тағы бір оқушымыз мектепте жазғы сауықтыру лагерін ашуды сұрап жазған. Кейбір оқушыларымыз мектепте сыныптар және дәліздер жаңа компьютерлермен және техникамен жабдықтауды сұрап жазған хаттары қаралды. Директордың м.а А.Мухашева оқушылар тарапынан жазылған хаттарды ескере отырып, болашақта мүмкіндігінше жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті. 

01-04-2019  

Республикалық олимпиадасы

icon Қарақия аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінде өткен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінің республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары Сарыбекова Мадина және Сұлтанова Гаухар белсенділік танытып ІІІдәрежелі орынды иеленді . Жетекшісі:Қарақожаева Сабира. Құтықттаймыз.  

01-04-2019  

Қарахожаева Сабира

iconМектебіміздің Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қарахожаева Сабира ҚР Білім және ғылым министірлігінің "Құрмет грамотасымен" марапатталды. Мектебіміздің атынан сізді шын жүректен құттықтап жұмысыңызға табыс тілейміз. 

07-03-2019  

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара

icon

04-03-2019  

«Жаңа идеялар ағыны» коучинг

iconТәжірибе алмасу мақсатында 04наурыз күні мектеп әдіскері Берсүгірова Нұрсұлуәріптестерімен «Жаңа идеялар ағыны»тақырыбында коучинг өткізді Коучинг мақсаты Жаңа идеяларға смарт мақсат қоя отырып қол жеткізу. Коучингті қорытындылау барысында әр мұғалімге бүгінгі алған білімдері жөнінде бір сөз айтып,алған әсерлері мен тілектерін бөлісу барысында кері байланыс орнатылды. Стикерлерге өз ойларын жазып,тілек ағашын безендірді. 

01-03-2019  

Алғыс айту күні

icon

Соңғы жаңалықтар

"Мектепке жол" акциясы

Құрметті Мұнайшы ауылының тұрғындары , қадірменді ата –аналар! «Мұнайшы ауылы №7 орта мектебі» КМ ...

03 шілде 2019
"Алтын белгі" түлектері

17.06.2019 ж Қарақия ауданы Құрық ауылында аудан әкімі Қ.Ә.Беков мырза мектебіміздің мақтаныштары , сап ...

17 маусым 2019
"Рәміздер күніне"

4 маусым Қазақстан Республикасының "Рәміздер күніне" орай мектебімізде 04.06.2019 күні "Ұлт мақтанышы - ...

04 маусым 2019
Емтихан 11 сынып

Мектебіміздің 11 сынып түлектерінің орыс тілі мен таңдау пәндері бойынша емтихан пакеттері 8/45 те к ...

03 маусым 2019
Хабарландыру

Қарақия ауданы «Мұнайшы ауылының №7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚҰРМЕТТІ АТ ...

02 маусым 2019