Хабарландыру

Жарияланған күні: 02-06-2019  



21-11-2019  

Кітаптар еліне саяахат

iconРухани адамгаршілік тәрбиеге арналған кітаптарды таныстыру мақсатында 5 "Б" сынып оқушыларымен мектебіміздің кітапханасында кіші буынға арналған жаңа 100 кітап авторларымен таныстырылып , оқушылар рухани азық алып өз пікірлерін қосты. Мектебіміздің кітапханашысы Б. Рзатаеваның ұйымдастыруымен кітап көрмесі өз дәрежесінде өтті. 

21-11-2019  

"Мен спортты сүйемін" атты тақырыпта көңілді старт ұйымдастырылды.

icon21.11.2019 жылы 5 сыныптар арасында Қыс мезгіліндегі жол қауіпсіздігі аясында "Мен спортты сүйемін" атты тақырыпта көңілді старт ұйымдастырылды. Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Мектебіміздің дене тәрбиесінің нұсқаушысы Ж.Нұрлыбаев ұйымдастырды. Көңілді старт 5 кезеңнен тұрды. Олар: 1.Кім жылдам, 2.Хоккей, 3. Доп алып жүгіру, 4. кедергілер арасынан жүгіру, 5. Есеп шығару. Жарыс нәтижеснде І орын 5 "А" сыныбы, ІІ орын 5 "Ә" сыныбы, ІІІ орын 5 "Б" сынып оқушылары иеленді. 

20-11-2019  

"Сүйіспеншілік - әрбір жүректе" атты пікір талас сабағы .

icon "Сүйіспеншілік - әрбір жүректе" мектеп мұғалімдерінің арасында Жалпы адамзаттық құндылықтар күніне орай ой - пікір алмасты. Қоғам жайлы құнды әңгімелер, рухани әңгімелер айтылды.  

11-11-2019  

Хабарландыру.


10-11-2019  

ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" бүліршіндер мен мектеп оқушылары арасында байқауы өтті.

iconІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" байқауыБүліршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" байқауында "Ғылыми жоба" жанры бойынша өнер көрсеткен Атабай Шадыман ІІ орын,"Көркем сөз" жанры бойынша Зершал Іңкәр және Жұбан Анель І орын,"Жазбаша шығарма" жанры бойынша Аралбай Жарас ІІ орын, Иса БақдәулетІ орын, Жомарт Алина ІІ орын, Жетекшісі Теңізбаева Ғалия, "Ұлттық аспапта ойнау" жанры бойынша Сахарбай Әділбек, Берді Қараман ІІ орын, жетекшілері Бағдабаева Салтанат, Төлегенова Гүлжанар, "Вокал" жанры бойынша Исаева Рыскүл ІІ орын жетекшісі Карагулова Марал "Хореография" жанры бойынша мектеп оқушыларынан құралған "Шұғыла" би ансамбілі І орын, жетекшісі Аңшыбаева Н. ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" байқауна үздік шәкірт дайындағаны үшін Карагулова Марал Алғыс хатпен марапатталды. Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін "Үздік ұстаз" төс белгісімен және Алғыс хатпен марапатталды. 

07-11-2019  

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" сурет байқауы

iconМектебімізде өткен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" сурет байқауының жеңімпаздары Жадырасын Шыңғыс, Қауыс Дария, Әбіл Өмірбек аудандық сурет байқауына қатысып, алғыс хаттармен марапатталды. 

07-11-2019  

Дүние жүзлік балалар күніне орай мектебімізде өткізілген іс-шаралар.

iconДүние жүзлік балалар күніне орай мектебімізде 9 сыныптар арасында Мұнайшы ауылының жастар ресурстарының жас маманы Қайырхан Асудың қатысуымен «Болашақ жастардың қолында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Досболай Айгерімнің ұйымдастыруымен 5 «А» сынып оқушыларына «Мейірімділік жүректе» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабаққа Мұнайшы ауылы әкімі аппаратының өкілдері әлеуметтік бөлімінің мамандары Бекеева Жазира мен Жүгінбаева Күнтуған қатысты. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Тауекелова Гүлжан «Қайырымдылық- жылы жүректен!» тақырыбында тәрбие сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: балалардың бойларында адамгершілік,қайырымдылық,ізгілік,әдептілік қасиеттерін ояту. 

07-11-2019  

Жайдарман-2019

icon06.11.2019 жыл "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы және "Жастар жылы аясында " Жайдарман-2019" аудандық кезеңінде мектебіміздің жас ұстаздары өнер көрсетіп ІІІ-дәрежелі марапат кубыгпен марапатталды. Құттықтаймыз 

03-11-2019  

"Мектеп.еду" электронды күнделігі бойынша Ата- аналарға түсіндірме жиналысы өтті.

icon 2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 4,9,10 сыныптардың көшуіне байланысты 7 қараша күні "Жаңартылған бағдарлама- білім берудің жаңа мазмұны" бойынша жиналысқа 4,9,10 сыныптың ата-аналары қатысты. 1-ші мәселе Кретериалды бағалау. Жиынтық бағалауға талдау. (ТЖБ,БЖБ), сабақты қалыптастьырушы бағалауды ұйымдастыру түрлері. Осы мәселелер бойынша мектебіміздің тренрі Танауова А. түсіндіріп өтті. "Мектеп.еду" электронды күнделігі бойынша Оқу ісінің меңгерушісі Халжанова А. өткізді.  

03-11-2019  

Адалдық сағаты интерактивті түрде өткізілді.

icon6 қараша күні Қарақия аудандық жастар орталық ресурстарының маманы Қайырхан Асу қатысуымен мектебімізде жалпы-республикалық адалдық сағаты интерактивті түрде өткізілді. Шараға 45 оқушы қамтылды. Шараның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. 

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

25 мамыр 2020
Баскетбол 3х3"Ұлттық мектеп лига"жарысы өтті.

24.02.2020 жылы Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында Баскетбол 3х3"Ұлтт ...

02 наурыз 2020
8 сыныптар қатысқан Д.Исабековтың "Әпке" драмасы қойылым болып көрсетілді.

21.02.2020ж мектебімізде 8 сыныптар қатысқан Д.Исабековтың "Әпке" драмасы қойылым болып көрсетілді. Қой ...

27 ақпан 2020
"Өзін-өзі тану" республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.

20.02.2020 жылы мектебімізде "Өзін-өзі тану" республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Нәтижесі ...

27 ақпан 2020