Хабарландыру

Жарияланған күні: 02-06-2019  



13-11-2018  

Диплом ІІ орын

iconҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Мәңгілік ел " ұлттық идеясы,"100 нақты қадам" Ұлт жоспары мен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының идеяларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған  Қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері туралы шығармалар конкурсында ІІ орын алған Шамун Гүлбақыт маратталады.

11-11-2018  

Баскетбол жарысы

icon 10 қарашада өткен жалпы білім беретін 7-8 және 9-10 сынып аралығында аудандық баскетбол ұлдар арасында өткен жарысында №7 мектеп оқушылары 2-3 орынға ие болды. Жетекшілік еткен Құлданов Олжас,Бисенова Садуғаш.    

10-11-2018  

Жайдарман әзіл-әлемі

icon 9 қараша күні Жетібай мәдениет үйінде әкім кубогына жайдарман әзіл-әлемі болды.Соған мектебімізден «Ерекше » топ командасы қатысты. «Ерекше» топ командамыз ІІ-орынмен марапатталса, 9 сынып оқушысы Базарбаев Сағындық «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша марапатталды.

06-11-2018  

Олимпиада

icon Бүгін мектебімізде 8-10 сыныптар бойынша мектеп ішілік олимпиада өтті. 

04-11-2018  

«Аспапта орындаушылық өнері-Домбыра»

icon «Аспапта орындаушылық өнері-Домбыра» номинациясы бойынша қатысып,жоғары деңгейде көрсеткен өнері және білімі үшін Сахарбай Әділбек ІІ дәрежелі лауреат,Қайрадин Мерей ІІІ дәрежелі лауреат дипломымен марапатталады.    

04-11-2018  

"Алтын күз" атты шығармашылық байқау

icon

02-11-2018  

«Алтын күз»

icon Мектебімізде 01.11.2018ж 8-9-10 сыныптар арасында «Алтын күз» атты күзгі бал өтті. Балдың талаптары мен шарттары төмендегідей 6-кезеңнен тұрды: 1. «Сәлемдесу сөз басы » (таныстыру) 2. «Ақыл-ой мен білім әр адамның сәулеті»(ситуациялық сұрақ) 3. «Өнерліге өріс кең»(өз өнерлерін көрсету) 4. Икебана(картиналар,қолдан жасалған бұйымдар) 5. Ауа-райы болжамы (қалжын түрінде) 6. Сән үлгісі(күз бейнесі) Байқауға тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кулчыкова,оқу ісінің меңгерушісі Б.Шаукенова, әдіскер Н.Берсугурова , сызу пәнінің мұғалімі Э.Аманқосова, 2017 жылғы «Күз ханшайымы» байқауының жеңімпазы М.Сарбекова, 11 сынып оқушысы «Жас түлек-2019»Е.Базарбай төрелік етті.Балға  қатысқан үміткерлер: 8 «а» сынып оқушылары Сарбала Ғалымжан,Ескендір Ақмарал. 8 «ә» сынып оқушылары Тулебаев Женисбек, Мұратбайқызы Гүлназ, 8 «б» сынып оқушылары Тағыберген Оспан, Серікбайқызы Сара, 9 «ә» сынып оқушылары Базарбаев Сағындық , Шамун Гүлбақыт, 9 «б» сынып оқушылары Әли Шыңғысхан, Алпан Шұғыла. Барлық қатысушылар байқауға үлкен  дайындықпен келген. Сайысымыздың  қортындысы  төмендегідей нәтиже  берді: белсенді қатысқан үшін  алғыс хаттармен 9«ә» сынып  оқушысы Шамун Гүлбақыт, 9 «б» сынып оқушысы Әли Шыңғысхан, 3-орынды 9«ә» сынып оқушысы Базарбай Сағындық,9 «б» сынып оқушысы Алпан Шұғыла, 2-орынды 8 «ә» сынып  оқушылары Тулебаев  Женисбек, Мұратбайқызы Гүлназ, 1-орынды 8 «б» сынып оқушылары Тағыберген Оспан,Серікбайқызы Сара иеленсе, сайыстың бас жүлдегерлері «күздің ханшасы  мен ханзадасы»  атағын  жеңіп  алған 8 «а» сынып оқушылары  Сарбала Ғалымжан, Ескендір  Ақмарал болды. Жеңімпаздарға  алтын  күз  тәжін «Күз  ханшайымы-2017» байқауының  жүлдегері, 11-сынып оқушысы Сарбекова  Мадина табыс етті. Мерекелік  шара  өз дәрежесінде өткізілді. Бұл  сайыстың  мақсаты: жастарды  табиғат ерекшелігін  талғай білуге, әсемдікке,өнерпаздыққа,жоғары талғампаздыққа  тәрбиелей отырып,білімді,талантты оқушыларды анықтау.      

31-10-2018  

«Ұстаз жолы-ұлы жол»

icon 30 қазан күні мектебімізде «Ұстаз жолы-ұлы жол» атты жас мұғалімдер арасында топтық сайыс өткізілді. Сайысқа 5 топ қатысты. Сайыс өте қызықты мағыналы өтті.Топтар сайыстың шарттары бойынша жақсы дайындықтарын көрсетті.Таныстыру және өнер көрсету кезеңдерінде мұғалімдер өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді.Жас болса да ұстаз деген атқа лайық жас мамандар педагогикалық жағдаяттардан ұтымды ойларын білдіріп жақсы шыға білді.Сабақ жоспарын құру барысында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып педагогикалық шеберліктерін көрсетті.Нәтижесінде белсенді қатысып ерекше көзге түскен «Медуза» тобы бас жүлдеге ие болды.І-орын «Арқар» тобы, ІІ-орын «Жас Stars» тобы,ІІІ-орын «Шаңырақ» тобы.Жас мұғалімдерге алдағы  еңбек жолдарында шығармашылық табыс тілейміз!    

25-10-2018  

«Алтын сақа »

icon «Күз мереке-күз береке» атты бастауыш апталығында 3-4 сыныптар аралығында «Алтын сақа » интеллектуалдық ойыны өтті.Интелектуалды ойында өткен бұйымдардың аттарын есімізге түсіріп керемет сайыс өтті. «Алтын сақа » интеллектуалдық ойынды бастауыш сынып мұғалімі Сагинова Гулмира өткізді.Жоба сұрақтарын бастауыш сынып мұғалімі Кушкинбаева Жеміс ұйымдастырды.      

24-10-2018  

"Менің таңдауым-салауатты өмір салты!"

icon 15-24 қазан аралығында мектеп ішілік жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ескерту-түзетуден оңай» атты ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасы аясында вело жарысы өтті. Мектебіміздің 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар арасында «Менің таңдауым-салауатты өмір салты!» тақырыбында эстафеталық сайыс өткізілді.Негізгі мақсатымыз-балалардың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын ояту,командалық рухты,ұйымшылдықты дамыту.Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау арқылы балалардың денсаулығын нығайтуға ұмтылысын қалыптастыру және зиянды әдеттерден бас тартуға баулу.  

Соңғы жаңалықтар

2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті

29.11.2019 жылы 2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті.Жарыс нәтиж ...

29 қараша 2019
"Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепілі " атты семинар сабақтары өткізілді.

28.11.2019 ж мектебімізде "Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепіл ...

28 қараша 2019
"Тіл білгірі"интелектуалды сайысы өтті.

Мектебімізде өткізіліп жатқан "Тіл-ұлттың мерейі"атты қазақ тілі апталығында өткен "Тіл білгірі"ин ...

28 қараша 2019
"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді.

"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізі ...

27 қараша 2019
"Өсімдіктер мен жануарлар әлемі" атты тақырыпта ашық сабақ өтті.

27 қараша күні қазақ тілі мен қазақ әдебиеті апталығында А.Алдабергенованың 5 "А" сыныбына "Өсімдікт ...

27 қараша 2019