Хабарландыру

Жарияланған күні: 02-06-2019  



22-11-2018  

«Ұлы даланың жеті қыры»

icon 2018 жылдың 21 қарашасы күні жарияланған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының халыққа түсіндіру және насихаттау мақсатында мектепте сап түзеу өткізіліп ,оқушыларға ақпарат беріліп , сынып  жеткшілерге сынып сағаттарында да «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізу тапсырылды.    

22-11-2018  

Мектеп оқушыларының Президентін сайлау іс-шарасы

iconМектеп оқушыларының Президентін сайлау іс-шарасы бойынша бүгін үміткер ұландарымыздың жобалары тыңдалды. 

21-11-2018  

«ЖИТС-ғасыр індеті»

icon 21 қараша күні 9 ә сыныбында «ЖИТС-ғасыр індеті» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.Сабақты сынып жетекшісі Мысамбаева Гүлбаршын жүргізді.Сабақтың мақсаты: оқушыларға ЖИТС ауруы туралы,ЖИТС-тың жұғу жолдары мен оның белгілерін,алдын алу шаралары туралы мәліметтер бере отырып,оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға,тазалыққа,болашақ ұрпақ мүддесін ойлауға үйрету,салауатты қмір салтына тәрбиелеу.Сабақ түрлі әдістер қолдану арқылы қызықты әрі оқушыларға түсінікті болды. Сабақ соныңда оқушылар сабақтан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.Сабақ жоғары деңгейде өткізілді.  

21-11-2018  

Абай оқулары-2018(3-7 сынып аралығында)

icon Қарашаның 21 күні мектебімізде 3-7 сыныптар арасында «Абай оқулары-2018» сайысы өтті.Бұл сайысқа барлығы 27 оқушы қатысты,соның 7 бастауыш сынып,ал қалған 20-сы орта буын оқушылары.Абай өлеңдерін жатқа оқу номинациясы бойынша бастауыш сыныптан 3 орын алды.   1)Төлесін Айтнұр 3-сынып Іорын 2)   Майран Арай 4-сынып ІІ орын 3) Сарыбай Наз 4- сынып ІІІ орын Орта буын бойынша 1)   Таубаева Рабиға 6-сынып І орын,2)   Сансызбай Айғазы 6-сынып ІІ орын,   3)Титумбаев Данияр 7-сынып ІІІ орын алды. «Жас ақындар»(Арнау) бастауыш сыныптан 1)Жансүгір Ерсұлтан І орын,2)Эмди Қарақат ІІ орын. Орта буын 5-7 сынып арасында  1)Атабай Шадыман І орын,  2) Нұрадин Аяна ІІ орын  3)Әділ Өмірбек ІІІ орын.«Ән көңілдің ажары» Абайдың әндерін орындау бастауыш сынып 1)Жақсылық Інжу І орын,2)Жарылғап Аружан ІІ орын,Нұрлыбай Ақбота ІІІ орын алса ,орта буын бойынша 1)Новайы Айгерім І орын,2)Бердібек Жансая ІІ орын,3)Жумабаева Ақмарал ІІІ орынды иеленді. Әділ қазылар:Надыров Қарабек ән-саз мұғалімі,Бағдабаева Несібелі психолог,Алдабергенова Айжан қазақ тілі әдебиет пән мұғалімі,Жұмажанқызы Тұрсын қазақ тілі әдебиет пән мұғалімі.Жүргізген Қарақожева Сабира.  

20-11-2018  

«Үздік оқырман»

icon «Үздік оқырман» оқушылар арасындағы аудандық сайысында мектебіміздің 7 б сынып оқушысы Атабаева Алтынай ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.Жетекшісі Бектурганова Сауле  

18-11-2018  

І дәрежелі диплом

icon 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық байқауының аудандық кезеңінде медицина,психология секциясы бойынша 4 сынып оқушысы Сарыбай Наз І дәрежелі дипломмен марапатталады.Жетекшісі Мысанбаева Гүлбаршын  

17-11-2018  

«Бір апта ауылда »

icon «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында өткен «Бір апта ауылда » атты аудандық байқауында «Менің ауылдағы қызықты күндерім» номинациясы бойынша І орын иеленген Кабулов Муса ,І орын иеленген Абатова Нұргүл ,ІІ орын иеленген Шамун Гүлбақыт марапатталады.    

16-11-2018  

Волейбол жарысы

icon Жалпы білім беретін мектеп оқушылары (2001-2002ж.т) арасында волейболдан «Жаңа жыл » аудандық ашық жарысында №7 мектеп ұлдар командасы марапатталады.Жетекшілік еткен Құлданов Олжас,Бисенова Садуғаш. 

14-11-2018  

Жалпыхалықтық диктант

iconЖалпыхалықтық диктантқа мектеп мұғалімдері мен оқушылары,ата -аналарда қатысты. 

14-11-2018  

Диплом І орын

icon «Фариза ақынға 80 жыл» мерекесіне орай аудандық Фариза Оңғарсынова оқулары байқауында І орынға ие болған 9 сынып оқушысы Нәдір Мөлдір марапатталады.Жетекшісі А.Алдабергенова    

Соңғы жаңалықтар

2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті

29.11.2019 жылы 2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті.Жарыс нәтиж ...

29 қараша 2019
"Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепілі " атты семинар сабақтары өткізілді.

28.11.2019 ж мектебімізде "Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепіл ...

28 қараша 2019
"Тіл білгірі"интелектуалды сайысы өтті.

Мектебімізде өткізіліп жатқан "Тіл-ұлттың мерейі"атты қазақ тілі апталығында өткен "Тіл білгірі"ин ...

28 қараша 2019
"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді.

"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізі ...

27 қараша 2019
"Өсімдіктер мен жануарлар әлемі" атты тақырыпта ашық сабақ өтті.

27 қараша күні қазақ тілі мен қазақ әдебиеті апталығында А.Алдабергенованың 5 "А" сыныбына "Өсімдікт ...

27 қараша 2019