Хабарландыру

Жарияланған күні: 02-06-2019  



28-01-2019  

«Мен offline (офлайн)»

icon2019 жылдың 27 қаңтары Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен offline (офлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясының жоспары жасақталып, жұмыстар жүргізілді. Атап айтатын болсақ, 23.01-25.01 аралығында 5,6,7 сынып жетекшілері өз сыныптарында «Мен offline (офлайн)» тақырыбында тәрбие сағаттар өткізді. 24.01.күні информатика пәні мұғалімдері Ж.Шербаева мен К.Жаңабаеваның ұйымдастыруымен 8 сыныптарға «Мен offline (офлайн)» атты пікірталас өтті. 8 сынып оқушыларына «Ғаламторсыз бір күн» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, ғаламторсыз уақытты тиімді пайдалану жолдары айтылды. 23-25.01. күні сурет пәнінің мұғалімі Э.Аманқосова ұйымдастыруымен «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім» 1-4 сыныптар арасында байқау ұйымдастырылды. Барлық сынып оқушылары ат салысып қатысып, суреттің тақырыбын жақсы түсінген. 23-25.01 күні қазақ тілі пәнінің мұғалімдері А.Алдабергенова Ғ.Теңізбева «Мен оffline (офлайн)» 5-11 сыныптар арасында эссе байқауын ұйымдастырды. Нәтижесінде 1 орынды 11 «а» сынып оқушысы Хожаберген Айгерім, 2 орынды 9 «б» сынып оқушысы Байходжаева Дана мен Раева Рысжан иеленді. 3 орынды 9«б» сынып оқушысы Ахылбаева Жансұлу иеленді. 8 «а» сынып оқушылары Берекет Ару, Зершал Жақсылық, Мақсұт Ақсұңқар, Елемес Гүлнұр сынды оқушыларымыздың шығармасы мәнді және тартымды жазылғындығына байланысты марапат қағаздары берілді. Аталған іс – шарада оқушылар смартфондардан, компьютерлерден және жаһандық желіден алшақтату, бұл күнді тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақын адамдармен қарым – қатынас жасауға немесе оны сүйікті хоббиіне арнауға көмектесу мақстында өтті. 

28-01-2019  

Қадыр Мырза Әли оқулары

icon24.01.2019 жылы ІІ Республикалық Қадыр Мырза Әли оқулары байқауының облыстық кезеңінде "Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда" бойынша өткен облыстық байқауға мектебімізден 9 сынып оқушысы Исаева Рысгүл қатысып ІІІ орын иеленді. Жетекшісі:Аманшаева Жарқынай 

28-01-2019  

"Абайдың қара сөздері "

iconМектеп кітапханасында қысқы демалысты тиімді пайдалану мақсатында іс-шара жоспары жасақталып, оқушылармен жұмыстар жүргізілді. 3-ші қаңтар күні 1-4 сынып оқушыларымен "Абайдың қара сөздері "электронды кітапты таныстырып, Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін , біліп жүруге тапсырма берілді. Мектеп кітапханасы ауылдық кітапханамен бірлесіп латын әліпбиіне байланысты "Латын әлібиіне көшу-тарихы латын әліпбиіне заман талабына сай дер кезінде көшіргелі отырғандығын және оның тиімділігін айтып берді. Шара соңында Хамит ағай балаларға батасын берді 

28-01-2019  

"Қыста талай қызық бар"

icon21. 01. 2019 жылы мектебімізде бастауыш сыныптар арасында "Қыста талай қызық бар" атты апталықтың ашылуында Көркем еңбек сабағының мұғалімі Кыйзатова Марьяш даярлық сыныптарына және 1-2 сыныптар арасында аппликатция сабағын өткізді. Сыныптар өз шығармашылықтары мен белсенді қатысуда апталық өз дәрежесінде өтіп жатыр мұндағы мақсатымыз балаларға тек қана қысты сезініп қоймай олардың қандай қызықтары туралы өз қолдары мен шеберліктерін таныту. 

28-01-2019  

"Толағай" атты спорттық сайыс

iconБүгін ел тарихына енген күн. "Рухани жаңғыру" -дан басталып, "Ұлы даланың жеті қырына" жалғасып, "Жастар жылына" да жетті. Мектебімізде 24. 01. 2019 жылы жастар күніне арналған "Толағай" атты спорттық сайыс өтті. Жарысқа 30жасқа дейінгі жас мұғалімдер қатысты. Олар үш топқа бөлінді "Барыс", "Адидас", "Жетіген". Жас мұғалімдеріміз жеті бөлімнен тұратын жарыста жүлделі орындарды иеленді"Жетіген"- I орын "Барыс " -II орын "Адидас" III орын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

28-01-2019  

"Мейірім шуағы"

icon 10.01.2019-10.02.2019 мектебіміздегі қамқорлық қайрымдылық акциясы жалғасуда. "Мейірім шуағы" қорапшасы қойылып оған түрлі ойыншықтар, қолөнер бұйымдары жиналуда.  

24-01-2019  

Қадыр өлеңдерін насихаттау

icon2018-2019 оку жылынын 21-кантар куни аудандык Кадыр окулары отти. Байкаудын максаты : мектеп окушылары арасында Кадыр олендерин насихаттау, олардын шыгармашылык кабилеттерин, адеби тил байлыктарын, коркем соз оку шеберлигин дамыту. "Создин бари кудиретти" - Кадыр Мырза Али шыгармаларын жатка оку конкурсы бойынша 7орта мектебинин 5сынып окушысы Зершал Инкар II- орын иеленди. "Кейбир жырым дан ушырып кырманда,Кейбир жырым бакташы боп жур манда " Кадыр Мырза Али создерине жазылган андерди орындаушылардын конкурсы бойынша 9сынып окушысы Исаева Рыскул I орын иеленди. "Куып шыгар кызыл созди ой кейин" - жас дарындар конкурсы (оз шыгармаларын орындау) конкурсы бойынша 9сынып окушысы Надір Мөлдір IIIорын иеленди. Құттықтаймыз 

24-01-2019  

«Өзіңді де өзгені де бағалай біл».

iconҚаңтар айының 22-сі күні мектебімізде «2019 – Жастар жылына» арналған тренингтік – терапиялық сабақ өткізілді. Сабақ мектеп психологі Б.Ербосын және өзін-өзі тану пәні мұғалімі А.Досбулайдың ұйымдастыруымен өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді де өзгені де бағалай біл». Мақсаты: Жастарға, яғни жас мұғалімдерге күнделікті күйбең тіршілікті ұмыттырып, әр түрлі терапиялар арқылы бір сәтке болса да жандарына тыныштық сыйлап, демалту. Жастар жылында жастарымыздың жалындап жүруіне мотивация беру. 

24-01-2019  

Мұқағали оқулары

icon2019 жылдың 22 қаңтар күні білім бөлімінің ұйымдастыруымен №11 орта мектепте аудандық Мұқағали оқулары өтті. Мектебімізден 8"Ә"сынып оқушысы Мұратбайқызы Гүлназ қатысты. Жетекшісі Алдабергенова Айжан 3 орын Құттықтаймыз 

21-01-2019  

"Жан шуағы " атты қайырлымдылық акциясы

icon 21-01-2019 "Жан шуағы" атты қайрымдылық акциясы 21.01.2019жылы "Жан шуағы " атты қайрымдылық акциясы ұйымдастырылды . Ұйымдастырылған шараға мектеп оқушылары белсенді атсалысты . Ақцияны ұйымдастырушы әлеуметтік педагог Аманшаева Жарқынай және өзін-өзі басқару ұйымдары. "Адал ұрпақ" ұйымы, "Шаңырақ" ұйымы. Мектеп акциясы ақпаның 10-шы жұлдызына дейін жалғасын таппақ. 

Соңғы жаңалықтар

2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті

29.11.2019 жылы 2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті.Жарыс нәтиж ...

29 қараша 2019
"Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепілі " атты семинар сабақтары өткізілді.

28.11.2019 ж мектебімізде "Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепіл ...

28 қараша 2019
"Тіл білгірі"интелектуалды сайысы өтті.

Мектебімізде өткізіліп жатқан "Тіл-ұлттың мерейі"атты қазақ тілі апталығында өткен "Тіл білгірі"ин ...

28 қараша 2019
"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді.

"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізі ...

27 қараша 2019
"Өсімдіктер мен жануарлар әлемі" атты тақырыпта ашық сабақ өтті.

27 қараша күні қазақ тілі мен қазақ әдебиеті апталығында А.Алдабергенованың 5 "А" сыныбына "Өсімдікт ...

27 қараша 2019