Хабарландыру

Жарияланған күні: 02-06-2019  



05-09-2019  

Отбасы күніне орай спорттық сайыс өткізілді.

icon05.09.2019жыл мектебімізде Отбасы күніне орай спорттық сайыс өткізілді. Мақсатымыз Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына дарыту..... 

02-09-2019  

"Адалдық сағаты"

icon2019 жылдың 2 қыркүйек күні мектебімізде "Адалдық сағаты" өтті. Бұл шараға мектебіміздің барлық оқушыларын қамтыды. Мақсатымыз Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету. 

01-09-2019  

"Саналы ұрпақ- Жарқын болашақ" тақырыбында интернет-науқаны өтті.

icon1-қыркүйек Білім күні мектебіміздің алғашқы қоңырауы сыңғырлады. Сонымен қатар мектеп ұстаздары мен оқушылары алғашқы сабақтарын өткізді. Білім күні мектеп оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдер арасында "Саналы ұрпақ- Жарқын болашақ" тақырыбында интернет-науқаны өтті. Онда балалар өздерінің жазғы демалыстарын қалай өткізгендігі жөнінде 1-2 минутық бинеролик пен бөлісті.... Маңғыстау Аудандық Білім БөліміҚарақия Аудандық Білім Бөлім 

03-07-2019  

"Мектепке жол" акциясы

iconҚұрметті Мұнайшы ауылының тұрғындары , қадірменді ата –аналар! «Мұнайшы ауылы №7 орта мектебі» КММ 2019жылдың 03 шілдесі мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жыл сайынғы жалпыреспублиқалық қайырымдылық акциясы басталғанын хабарлайды. Ақцияның мақсаты- аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан , жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады . Акцияның басталуына байланысты «Жақсылық жасап жарысайық »демекші жеке кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдарды , меценаттарды және көмектесемін деген әр бір жанды акцияны қолдап, қол үшін беруге шақырамыз. 

17-06-2019  

"Алтын белгі" түлектері

icon17.06.2019 ж Қарақия ауданы Құрық ауылында аудан әкімі Қ.Ә.Беков мырза мектебіміздің мақтаныштары , сапалы білім, саналы тәрбие алған талай талай білім додаларында білімдерімен біліктерін дәлелдей білген түлектеріміз Абатова Нұргүл Талғатқызы мен Қален Диас Қайратұлына "Алтын белгі" және сыйлы сертификаттарын табыстады. "Ел болашағы - білімді жасталдың қолында" демекші жастарымыздың қанаттары талмай биікке самғай берсін, бағындырар жеңістері көп болсын, еліміздің өркендеуіне мол үлестерін қоса берсін. "Алтын белгі" құтты болсын. 

04-06-2019  

"Рәміздер күніне"

icon4 маусым Қазақстан Республикасының "Рәміздер күніне" орай мектебімізде 04.06.2019 күні "Ұлт мақтанышы - Мемлекеттік рәміздер" тақырыбында іс-шаралар жүргізілді. Мектебімізде сап түзеу өткізіліп, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Еліміздің мемлекеттік гимні орындалды. Оқушылар арасында "Елдіктің бір куәсі- рәміздер" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларға Мемлекеттік рәміздері авторлары туралы фильмдер және слайд көрсетілді. Оқушыларымыз "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы" тақырыбында шығармалар жазып, нәтижесінде 7 сынып оқушылары Үзембай Нұрбектің, Мұрат Жалғастың және 4 сынып оқушысы Жұмағали Нұрсұлтанның шығармалары "үздік" деп бағаланды. 

03-06-2019  

Емтихан 11 сынып

icon Мектебіміздің 11 сынып түлектерінің орыс тілі мен таңдау пәндері бойынша емтихан пакеттері 8/45 те комиссия төрайымы, директордың оқу ісінің жөніндегі орынбасары барлық таңдау пәнінің мұғалімдері және мектеп бітіруші түлектердің қатысуымен ашылып өтті.  

02-06-2019  

Хабарландыру

Қарақия ауданы «Мұнайшы ауылының №7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚҰРМЕТТІ АТА – АНАЛАР! Маусым айынан бастап 1 сыныпқа қабылдау басталды.  Ата – ананың мазалайтын бірнеше сұраққа жауап береміз. Біріншіден: Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет. 1. баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (ерікті түрде);  2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3. «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3; 4. №063/у нысандағы денсаулық жағдайы туралы құжат; 5. 3 х 4 көлеміндегі фото – екі дана; Құжат қабылдау ағымдағы жылғы  03 маусым – 30 тамыз аралығында жүргізіледі. Екіншіден: Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі жәнедаму ережесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. Үшіншіден: Баланың немесе білім алушының ата – аналары немесе өзге де заңды өкілдері баланың немесе білім алушының қалауын, жеке қабілетін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдайды. Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім алушының ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқарудың жергілікті органдарына жүгінеді. Төртіншіден: Мектепке қабылдау туралы арыз және тиісті құжаттарды, тұрғылықты жеріңіз бойынша қағаз және электронды түрде тапсыруға болады. Ескерілетін жағдай: микробөлімшелер (микроучастки) арқылы бала қабылданбайды, мекен-жай анықтамасы (адресная справка) алынып тасталды. Алайда, мектепке алдымен сол микробөлімшелерге тиісті жерлердегі балалар қабылданады. Бос орын болған жағдайда, мектептер сайтқа салатын болады.  

02-06-2019  

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

icon Мектеп кітапханасында 31- мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Қасіретті жылдар жаңғырығы" атты кітап көрмесі жасақталып, оқушыларға библиографиялық шолу жасалды.    

30-05-2019  

Емтихан

icon30.05.2019 жыл күні негізгі білім курсын бітіруші 9 сыныптардың орыс тілінен емтихан пакеті сағат 8-45 те ашылды. Емтихан пакетінің ашылуына қамқоршылық кеңесінің мүшесі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі және пән мұғалімдері мен оқушылар қатыстырылды. 

Соңғы жаңалықтар

Отбасы күніне орай спорттық сайыс өткізілді.

05.09.2019жыл мектебімізде Отбасы күніне орай спорттық сайыс өткізілді. Мақсатымыз Халқымыздың тәлім - ...

05 қыркүйек 2019
"Адалдық сағаты"

2019 жылдың 2 қыркүйек күні мектебімізде "Адалдық сағаты" өтті. Бұл шараға мектебіміздің барлық оқушы ...

02 қыркүйек 2019
"Саналы ұрпақ- Жарқын болашақ" тақырыбында интернет-науқаны өтті.

1-қыркүйек Білім күні мектебіміздің алғашқы қоңырауы сыңғырлады. Сонымен қатар мектеп ұстаздары м ...

01 қыркүйек 2019
"Мектепке жол" акциясы

Құрметті Мұнайшы ауылының тұрғындары , қадірменді ата –аналар! «Мұнайшы ауылы №7 орта мектебі» КМ ...

03 шілде 2019
"Алтын белгі" түлектері

17.06.2019 ж Қарақия ауданы Құрық ауылында аудан әкімі Қ.Ә.Беков мырза мектебіміздің мақтаныштары , сап ...

17 маусым 2019