Баскетбол 3х3"Ұлттық мектеп лига"жарысы өтті.

Жарияланған күні: 02-03-2020  



28-10-2020  

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы Мұнайшы ауылы 7 орта мектеп КММ өткізілуі туралы

icon

26-10-2020  

«Менің кіші Отаным»

iconҚазан айының 6-сы күні өткен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІІ республикалық интелектуалдық конкурсының аудандық кезеңіне мектебімізден төрт оқушы қатысты. Нәтижесінде: Шотықбай Альбина-ІІ орын, Серік Аян –І oрын, Әбіл Анар-ІІ орын алды. І орын алған Серік Аян оқушымыз қазан айының 14-і күні өткен облыстық кезеңге қатысып І орынды иеленді. Қараша айында өтетін республикалық байқауға қатысуға дайындық үстінде.Оқушыларымыздың жетекшісі: Епенова Самал. Жүлделі орынға ие болған оқушыларымыз бен жетекшілік еткен ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көбейе берсін! 

23-10-2020  

"Әрбір жан өз бақытының шебері" тренинг

iconМектебіміздің психологы К.Кульмагамбетова "Әрбір жан өз бақытының шебері" атты жас мамандарға арналған психологиялық тренинг өткізді. 

23-10-2020  

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

icon«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобусымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу. 

23-10-2020  

"Жол ережесін біліп жүр" атты эстафета

icon"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акцияның іс - шара аясында 1 сынып оқушылары арасында, көңілді старт ойындары арқылы, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында "Жол ережесін біліп жүр" атты эстафета өткізілді. Эстафетаны ұйымдастырған С. Бисенова мен М. Ерназарова. 

22-10-2020  

"Жол ережесін сақтау - қауіпсіздік кепілі"

icon"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акцияның іс - шара жоспарына сәйкес 2-5 сыныптар арасында "Жол ережесін сақтау - қауіпсіздік кепілі" атты тақырыпта сурет байқауы ұйымдастырылды. Аталмыш іс - шара оқушылардың жолда сақ болуы, жол ережесін бұзбау, тәртіпке бағыну, жол ережесін түсіндіру мақсатында өткізілді. 2-5 сыныптар арасында өткізілген сурет байқауы нәтижесінде І орын 2 "А" сынып оқушысы Жетпісбай Гаухар, ІІ орынды 3 "В" сынып оқушысы Ахылбай Ұлдана мен 2 "А" сынып оқушысы Әбіл Ержан иеленсе, ІІІ орынды 2 "А" сынып оқушылары Сахарбай Санжар мен Сүйеген Инабат ие болды. Оқушыларымызға осындай жарыста белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіре отырып, Алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, еліміздің атын шығаратын үлкен азамат пен азаматша болуларына тілектеспіз! 

19-10-2020  

Кітапханамен танысу сағаты

iconБүгін мектебімізде 1 сынып оқушыларына арналған кітапханамен танысу сағаты өтті. Кітапханамен таныстырудағы мақсатымыз: кітапханада кітапты пайдалану ережесін сақтауды, сөздік қорын молайтып, өздігінен кітапханада жұмыс жасай білуге, кітапханаға деген көзқарасын, кітап оқуға құмарлығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру. Балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегі кітапшалар, нақыл сөздер жазылған кітаптармен танысты. 

19-10-2020  

"Абайлаңыз балалар" атты тәрбие сағат

icon 22 қыркүйек - 25 қазан аралығында өткізілетін "Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясының іс-шара жоспарына сәйкес мектебімізде оқып жатқан кезекші сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді. "Абайлаңыз балалар" атты тәрбие сағатымызда кезекші сынып оқушыларына жолда жүру ережелері таныстырылды. Сынып жетекшілер: А. Дошумова, Д. Қазбекова 

17-10-2020  

"Жеке бас гигенасы", "Дұрыс тамақтану"

icon05.10.-12.10. 2020 жылы аралығында "Халықаралық қыздар күніне" байланысты өткізілетін іс-шара жоспары бекітілді. Жоспарымызға сәйкес кезекші сынып оқушыларына "Жеке бас гигенасы", "Дұрыс тамақтану" тақырыптары бойынша видеороликтер көрсетілді. Мектеп медбикесі К.Жарылғасова кезекші сынып оқушыларына "Дұрыс тамақтану" туралы түсіндірді. 

16-10-2020  

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу»

iconҚазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік- экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді. Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Осыған орай мектебімізде 2020-2021 оқу жылына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жоспар жасақталып,жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Мектепте жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта стенд жасақталды. Жоспарға сәйкес «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында мектеп дәлізіне «Парасат» бұрышы жасақталып ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарды қалыптастыру мақсатында және азаматтылық, отансүйгіштік мінез-құлықтарды қалыптастыру мақсатында қырқүйек айында «Мен жемқорлыққа қарсымын», «Адал дос», «Мен өз елімнің патриотымын», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-уақыт талабы» тақырыптарында тәрбиелік шаралар жүргізілді. Білім беру ұйымдарында ақша жинау фактісін болдырмау мақсатында мектеп қызметкерлеріне түсінік жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оны болдырмау мақсатында 15 қазан күні «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 22 сынып жетекші, 60 ата-ана қатысты. 

Соңғы жаңалықтар

«Менің кіші Отаным»

Қазан айының 6-сы күні өткен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІІ республикалық интелектуалдық ...

26 қазан 2020
"Әрбір жан өз бақытының шебері" тренинг

Мектебіміздің психологы К.Кульмагамбетова "Әрбір жан өз бақытының шебері" атты жас мамандарға арн ...

23 қазан 2020
«Қауіпсіз мектеп автобусы»

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасым ...

23 қазан 2020
"Жол ережесін біліп жүр" атты эстафета

"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акцияның іс - шара аясында 1 сынып оқушылары арасында, көң ...

23 қазан 2020