25-мамыр Соңғы қоңырау

Бугін мектебіміздің 18 түлегі соңғы қоңырау үнімен,мектебімен қоштасты. Жас түлектеріміздің болашағы жарқын болсын. Арманға жететін қайсарлық пен жігерлік болсын бойларында. Ақ жол тулектерім!!! 

Жарияланған күні: 30-05-2019  



17-06-2019  

"Алтын белгі" түлектері

icon17.06.2019 ж Қарақия ауданы Құрық ауылында аудан әкімі Қ.Ә.Беков мырза мектебіміздің мақтаныштары , сапалы білім, саналы тәрбие алған талай талай білім додаларында білімдерімен біліктерін дәлелдей білген түлектеріміз Абатова Нұргүл Талғатқызы мен Қален Диас Қайратұлына "Алтын белгі" және сыйлы сертификаттарын табыстады. "Ел болашағы - білімді жасталдың қолында" демекші жастарымыздың қанаттары талмай биікке самғай берсін, бағындырар жеңістері көп болсын, еліміздің өркендеуіне мол үлестерін қоса берсін. "Алтын белгі" құтты болсын. 

04-06-2019  

"Рәміздер күніне"

icon4 маусым Қазақстан Республикасының "Рәміздер күніне" орай мектебімізде 04.06.2019 күні "Ұлт мақтанышы - Мемлекеттік рәміздер" тақырыбында іс-шаралар жүргізілді. Мектебімізде сап түзеу өткізіліп, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Еліміздің мемлекеттік гимні орындалды. Оқушылар арасында "Елдіктің бір куәсі- рәміздер" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларға Мемлекеттік рәміздері авторлары туралы фильмдер және слайд көрсетілді. Оқушыларымыз "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы" тақырыбында шығармалар жазып, нәтижесінде 7 сынып оқушылары Үзембай Нұрбектің, Мұрат Жалғастың және 4 сынып оқушысы Жұмағали Нұрсұлтанның шығармалары "үздік" деп бағаланды. 

03-06-2019  

Емтихан 11 сынып

icon Мектебіміздің 11 сынып түлектерінің орыс тілі мен таңдау пәндері бойынша емтихан пакеттері 8/45 те комиссия төрайымы, директордың оқу ісінің жөніндегі орынбасары барлық таңдау пәнінің мұғалімдері және мектеп бітіруші түлектердің қатысуымен ашылып өтті.  

02-06-2019  

Хабарландыру

Қарақия ауданы «Мұнайшы ауылының №7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚҰРМЕТТІ АТА – АНАЛАР! Маусым айынан бастап 1 сыныпқа қабылдау басталды.  Ата – ананың мазалайтын бірнеше сұраққа жауап береміз. Біріншіден: Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет. 1. баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (ерікті түрде);  2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3. «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3; 4. №063/у нысандағы денсаулық жағдайы туралы құжат; 5. 3 х 4 көлеміндегі фото – екі дана; Құжат қабылдау ағымдағы жылғы  03 маусым – 30 тамыз аралығында жүргізіледі. Екіншіден: Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі жәнедаму ережесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. Үшіншіден: Баланың немесе білім алушының ата – аналары немесе өзге де заңды өкілдері баланың немесе білім алушының қалауын, жеке қабілетін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдайды. Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім алушының ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқарудың жергілікті органдарына жүгінеді. Төртіншіден: Мектепке қабылдау туралы арыз және тиісті құжаттарды, тұрғылықты жеріңіз бойынша қағаз және электронды түрде тапсыруға болады. Ескерілетін жағдай: микробөлімшелер (микроучастки) арқылы бала қабылданбайды, мекен-жай анықтамасы (адресная справка) алынып тасталды. Алайда, мектепке алдымен сол микробөлімшелерге тиісті жерлердегі балалар қабылданады. Бос орын болған жағдайда, мектептер сайтқа салатын болады.  

02-06-2019  

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

icon Мектеп кітапханасында 31- мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Қасіретті жылдар жаңғырығы" атты кітап көрмесі жасақталып, оқушыларға библиографиялық шолу жасалды.    

30-05-2019  

Емтихан

icon30.05.2019 жыл күні негізгі білім курсын бітіруші 9 сыныптардың орыс тілінен емтихан пакеті сағат 8-45 те ашылды. Емтихан пакетінің ашылуына қамқоршылық кеңесінің мүшесі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі және пән мұғалімдері мен оқушылар қатыстырылды. 

30-05-2019  

25-мамыр Соңғы қоңырау

icon

28-05-2019  

22-мамыр күні мектебіміздің 4- сыныптың бастауыш пен қоштасу салтанатты іс-шарасы аталып өтілді.

icon

26-05-2019  

26 мамыр- "Қағаз қалдықтарын жинау күні"

icon

21-05-2019  

"Мен не үйрендім" сабақ

icon

Соңғы жаңалықтар

2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті

29.11.2019 жылы 2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті.Жарыс нәтиж ...

29 қараша 2019
"Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепілі " атты семинар сабақтары өткізілді.

28.11.2019 ж мектебімізде "Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепіл ...

28 қараша 2019
"Тіл білгірі"интелектуалды сайысы өтті.

Мектебімізде өткізіліп жатқан "Тіл-ұлттың мерейі"атты қазақ тілі апталығында өткен "Тіл білгірі"ин ...

28 қараша 2019
"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді.

"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізі ...

27 қараша 2019
"Өсімдіктер мен жануарлар әлемі" атты тақырыпта ашық сабақ өтті.

27 қараша күні қазақ тілі мен қазақ әдебиеті апталығында А.Алдабергенованың 5 "А" сыныбына "Өсімдікт ...

27 қараша 2019