25-мамыр Соңғы қоңырау

Бугін мектебіміздің 18 түлегі соңғы қоңырау үнімен,мектебімен қоштасты. Жас түлектеріміздің болашағы жарқын болсын. Арманға жететін қайсарлық пен жігерлік болсын бойларында. Ақ жол тулектерім!!! 

Жарияланған күні: 30-05-2019  



20-10-2018  

«Мұғалімнің кәсіби қиыншылықтарды жеңуі»

icon 19қазан күні мектебімізде жас мұғалімдерге психологиялық қолдау,әдістемелік көмек беру мақсатында семинар өткізілді.Семинар аясында мектеп психологтары Бағдабаева Несібелі апай мен Ербосын Бибігүл «Мұғалімнің кәсіби қиыншылықтарды жеңуі» тақырыбында тренинг өткізді.Жас мұғалімдер тренингке белсене қатысып,түрлі жаттығуларда өздерінің ойларын ашық жеткізе білді.Тренинг сабақ өте мағыналы әрі қызықты өтті.Мұғалімдер жұмыс барысында  өздерін мазалап жүрген сұрақтарға психологиялық тұрғыдан жауап алды.Жас мамандарға қолдау ретінде жадынамалар таратылды. Тренингтен соң жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты  Ш.Есенов атындағы КМТИУ «Ағылшын филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Берсугурова Нұрболсын «Критерий арқылы бағалаудың тиімділігі»тақырыбында коучинг өткізді.Коучинг барысында тақырып бойынша сұрақтар қойылып,практикалық жұмыстар жүргізіліп,бейнероликтер көрсетілді.Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай отырып мұғалімдер критериалды бағалаудың тиімділігін түсінді. Нағыз мұғалім болып қалыптасу жолы ұзақ та күрделі.Жас ұстаз-мектептің болашағы.Ал болашақ әркез бүгіннен басталады.Олай болса,аталмыш семинардың жас мұғалімдердің шығармашылық өсуіне септігі мол болары сөзсіз.  

19-10-2018  

"Алтын күз"

iconМектебімізде « Күз- мереке ,күз- береке» атты апталық өтіп жатыр.Кеше 3-4 сынып оқушыларының ұйымшылдықпен қатыса отырып «Алтын куз»сайыс сабағы болып өтті.Ондағы мақсат оқушыларға күз байлық,күз мереке,молшылық,күз қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу.Өздеріне ерік бере отырып,ауызбіршілікке,ынтамақтастыққа баулу.Сайыс сабаққа оқушылар өте жақсы қатысып өз ойларын ашық жеткізді.Сайыс сабағын өткізген көркем еңбек пәні мұғалімі Қыйзатова Марьяш 

19-10-2018  

«Мақал – сөздің мәйегі»

icon 15.10 - 19.10.18 күндері аралығында «Күз – мереке, күз – береке» атты бастауыш сыныптардың апталығы өтті.  18.10.2018 күні 3 сыныптар арасында «Мақал – сөздің мәйегі» атты сайыс сабақ өткіздік. Жетекшілер: Ержігітова Дана, Базарова Тазагүл. Оқушыларымызды әділ бағалайтын қазылармен таныстырдық. Кульчикова Амангүл, Серікбаева Гүлжайна, Жұматаева Зәуре. Сайыс сабақ 4 бөлімнен түрды: «Ойлы болсаң, тауып көр», «Дұрыс нұсқасын тап», «Суреттер сөйлейді», «Жылдам жауап». Сайысымызды бастамас бұрын әр топ өздерін таныстырып алды. І-топ: Нұр. ІІ-топ: Ұлағат. ІІІ-топ: Болашақ. І-бөлім бойынша оқушылар қима қағаздарды таңдап алады да, өздерінің тақырыптарын анықтайды. «Білім», «Отан», «Достық». Әр топ таңдалған тақырып бойынша мақалдарды білгенінше қағазға жазады. Әр дұрыс мақалды – 10- ұпаймен бағалайды. Уақыты – 2 мин. ІІ- бөлімде әр топқа 3 мақалды қима қағаздарға бөліп конвертке салынған. Мақалды дұрыс тауып, орнымен жапсыру керек. Уақыты – 4 мин. Дұрыс жауапты  интербелсенді тақтадан тексереміз. ІІІ-бөлім бойынша суреттердің орнына сөздерді қойып мақалды дұрыс айту қажет. Әр топқа 2 мақалдан. Дұрыс емес жауап берген жағдайда, келесі топ жауап беруге болады. IV – бөлімде сұраққа мақалмен жауап беру керек. 10 сұрақ болады. Оған дайын топ жауап береді. Қазылар жылдамдығына және дұрыстығына қарай ұпай қояды. Қорытынды шығарылады. Қазылар өз шешімін шығарып, жариялады. І – орын – Нұр тобы. ІІ – орын – Ұлағат тобы. ІІІ – орын – Болашақ тобы иеленді.  

18-10-2018  

"Күз кереметі" көрме

icon Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып,оқушылардың қызығушылығын,ынтасын арттыру.Күз мезгілінің берекелі екенін айтып,түсінік беру,ойлау қабілетін дамыту,табиғатты сүюге , оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында мектебімізде бастауыш 3-4 сыныптар қатысуымен көрме өтті.Оқушылар өз қолдарымен жеміс-жидектерден,көкөністерден әртүрлі жануарларды,табиғат көрінісін жасап келді.  

16-10-2018  

"Күз-мереке,күз-береке"

icon15.10-19.10 аралығында бастауыш сынып арасында өткізілетін "Күз-мереке,күз-береке" атты апталық басталды.Апталықтың тақырыптары: Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері,Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері,ХХІ ғасыр көшбасшысы,Формулалар,Аққу,шортан hәм шаян,Алтын күз,Сайыс"Мақал-сөздің мәйегі","Күз кереметі",7 санын көбейту және бөлу кестесі,Ч,Щ дыбыстары,"Алтын сақа",Эстафеталық сайыс . Апталық 3-ші және 4-ші сыныптар арасында өтуде.

15-10-2018  

Өз балаңа үлгі бол!

icon Қазан айының 13-14-і күндері  2-3-4 және 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарына «XXI ғасырдағы ат-ана: Өз балаңа үлгі бол!» республикалық конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты: ата-аналарға психология-педагогикалық көмек көрсету. Конференцияға барлық 2-3-4 сыныптардан 192 ата-ана, 8-9 сыныптардан 98 ата-ана қатысты. Сонымен қатар, Өңірлер ББ өкілі Т.Ермеков пен А.Журасова, мектеп директоры А.Мухашева, ДТЖО С.Джетимекова, сынып жетекшілер және мектептен өз еркімен 12 мұғалім қатысты. Ата-аналарға презентация, видеороликтер көрсетіліп, сауалнамалар алынды. Конференцияны мектеп психологтары Н.Бағдабаева мен Б.Ербосын жүргізді. Конференция жоғары деңгейде өтті.  Ата-аналар конференцияға белсенді қатысты. Конференция соңында ата-аналар өздерінің жақсы пікірлерімен бөлісті.  

02-10-2018  

Ұстаздар күні

icon Ұстаздар күніне арнап мектебіміздің оқушылары ұстаздарға тосын сый жасап қуантып тастады. Таңертеңгі мезгілде оқушылар сабақ басталмас бұрын мұғалімдерді шоқ гүлдермен күтіп алып ұстаздар мерекесімен құттықтады. Мұғалімдер өздерін жұлдыз секілді сезініп ерекше көңіл күйде болғандарын айтты. Жоғарғы сынып оқушыларына көп рахмет. Мереке құтты болсын!  

01-10-2018  

«Ұстаз деген жарық күні ғаламның»

icon Қазақ тілі мен әдебиеті пәні Теңізбаева Ғалияның ұйымдастыруымен «Тілек жәшігі» қойылып, ішіне мектеп оқушылары ұстаздарына арнаған жүрек жарды тілектерін жазып салды. Дене шынықтыру пәні жетекшісі Құлданов Олжастың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында волейбол, веложарыс, әр түрлі спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды.  Сонымен қатар әдіскер  Н. Берсүгірова мен тәрбие жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен  жас мамандар арасында «Ұстаз жолы – ұлы жол» тақырыбында жас мамандар сайысы өткізілді. Сайысқа мектебіміздің жас мамандарынан құралған 5 топ қатысты. 1-11 сыныптар арасында «Ұстаз – ұлағатты есім», «Ұстаз болу жүректің батырлығы»», тақырыптарында ашық  тәрбие сағаттары өткізілді. Апталықтың қорытындысы 10-11 сыныптың  ұйымдастырумен «Ұстазым құттықтауымды қабыл ал» мерекелік концертімен аяқталды. Сонымен қатар мектебімізде кәсіподақ төрайымының ұйымдастыруымен  көп жылдан бері шәкірт тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымыздың еңбегі еленіп, алғыс хаттармен марапатталды. Олар, Жаңбырова Гүлжан, Бисенова Жамилә, Қарақожаева Сабира, Ермекбаева Наурызхан, Бағдабаева Несібелі, Танауова Айнұр, Арызғұлова Марфуға. Тәлімгер: М.Карагулова  

30-09-2018  

«Мектепке жол» акциясы

icon01.08.2018-01.10.2018 аралығында аз қамтылған,көп балалы отбасы балаларына жалпыға бірдей жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясында көрсетілген көмектер туралы. Мектепте атқарылған «Мектепке жол»акциясы аясында Мұнайшы ауыл әкімшілігіне және жергілікті мекемелерге жеке кәсіпкерлерге хат жолданып, нәтижесінде жалпыға бірдей жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы аясында ауылымыздағы «Ар Рахман» мешітінен 50000тг көлемінде ақшалай 5балаға 10000 тг бөліп берілді. Сонымен бірге жергілікті «Алтын құрық» мекемесі 5 балаға 100000 тг көлемінде ақшалай көмек көрсетті.Ол 5 балаға мекеменің өтініші бойынша 20000 тг бөлініп берілді. Мектеп мұғалімі Сағынова Гүлмира 1 баланы 5000тг мен қамтамасыз етті. Сондай ақ ЖМГӨП мекемесінің 5 қызметкері (аты жөндерін айтпауды өтінді) мектебіміздің 1 оқушысын оқу құралдарымен,күздік сырт киіммен,аяқ киім және 100000 тг ақшалай конвертпен ата-аналарына ұсынды.Сонымен қатар жеке кәсіпкер Тажиков Ерболат 1 балаға 10000 тг көлемінде мектеп құралдарымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар 1 балаға қайырымдылық қоры «Халық шарты» компаниясынан 1сөмке 10 000 тг көлемінде берілді. «Маңғыстау тазалық» 14 баланы 5000 тг көлемінде мектеп құралдарымен жабдықтады. «Жетібаймұнайгаз» мекемесіндегі 9 цех қызметкерлері 3 баланы әр балаға 30 000 тг ақшалай көмек көрсетті. Сондай-ақ жеке кәсіпкер «Ихсан» дүкенінің иесі Дангилова Жақсыгүл 6 балаға: Умирбаев Азамат 3 сынып   Алпан Алтынбек 5 сынып Базарбай Байбол 2 сынып   Алпан Мейрамбек 7 сынып Базарбай көркем 6 сынып   Алпан Шұғыла 9 сынып.   Мектеп киімдерімен,оқу-құралдарымен қамтамасыз етіліп,әр балаға 10000 теңге қаражат жұмсалған.   Сонымен бірге ауыл тұрғыны Саматова Балхаш 1 баланы Аралбаев Жарас 5 сынып оқушысын 10 000 теңге көлемінде киіммен,оқу құралдарымен көмек көрсетті. «Мектепке жол» акциясы аясында жалпы қаражат көлемі 505 000 тг көлемінде 38 балаға оқу-құралдарымен ақшалай,киіммен көмек көрсетті.    

06-09-2018  

«5-қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі»

icon   Мектебімізде 05-қыркүйек  Қазақстан халқы Тілдер күні мерекесіне орай 05.09.-12.09.2018ж аралығында апталық өткізілді. Апталықтың ашылуында 05.09 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Алдабергенова сап түзеуде «А.Байтұрсынұлы – ұлт мақтанышы» тақырыбында баяндама оқып, тақырыпқа сай слайд көрсетті. Апта бойы қазақ тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен 7,8,9 сыныптар аралығында «Өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл» атты буклеттер көрмесін ұйымдастырылды.  07.09. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Т.Жұмажанқызының ұйымдастыруымен 5-6 сынып аралығында «Көркем сөз – көңіл тілі» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Нәтижесінде 5 «в» сынып оқушысы Омар Ұлан ынталандыруға, 5 «ә» сынып оқушысы Жұмағали Бекзат ынталандыру,  5 «а» сынып оқушысы Шотықбай Нұршат 3 орынға, 6 «а» сынып оқушысы Новай Айгерім 3 орынға, 5 «ә» сынып оқушысы Мұратбай Ернар 2 орынға, 5 «ә» сынып оқушысы Ахылбаева Ақмарал 2 орынға, 6 «б» сынып оқушысы Жаңабай Қарақат 1 орынға, 5 «ә» сынып оқушысы Зершал Іңкәр 1 орынға және 5 «ә» сынып оқушысы Құралық Меруерт 1 орынға ие болды.  10.09.күні сап түзеу өтіп, Теңізбаева Ғалияның ұйымдастыруымен 5 «ә» сынып оқушылары «Тілді сүю – тал бесіктен» атты әдеби-сазды монтаж өткізді. 11.09.күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Қарақожаеваның ұйымдастыруымен 8,9,10,11 сынып оқушыларының арасында «Латын қарпіне көшу – заман талабы» атты конференция өткізілді. Конференцияда оқушылар баяндама оқып, латын әліпбиі туралы пікірлерін ортаға салды. 12.09.күні апталық қорытындыланып, апталыққа белсене қатысқан мұғалімдер мен оқушылар, алғыс хатпен марапатталды. Тіл мерекесіне орай өткізілген іс-шара өз деңгейінде аталып өтілді. ТІО: С.Джетимекова    

Соңғы жаңалықтар

2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті

29.11.2019 жылы 2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті.Жарыс нәтиж ...

29 қараша 2019
"Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепілі " атты семинар сабақтары өткізілді.

28.11.2019 ж мектебімізде "Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепіл ...

28 қараша 2019
"Тіл білгірі"интелектуалды сайысы өтті.

Мектебімізде өткізіліп жатқан "Тіл-ұлттың мерейі"атты қазақ тілі апталығында өткен "Тіл білгірі"ин ...

28 қараша 2019
"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді.

"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізі ...

27 қараша 2019
"Өсімдіктер мен жануарлар әлемі" атты тақырыпта ашық сабақ өтті.

27 қараша күні қазақ тілі мен қазақ әдебиеті апталығында А.Алдабергенованың 5 "А" сыныбына "Өсімдікт ...

27 қараша 2019