25-мамыр Соңғы қоңырау
Бугін мектебіміздің 18 түлегі соңғы қоңырау үнімен,мектебімен қоштасты. Жас түлектеріміздің болашағы жарқын болсын. Арманға жететін қайсарлық пен жігерлік болсын бойларында. Ақ жол тулектерім!!!
Жарияланған күні: 30-05-2019
13-11-2018 Диплом ІІ орын

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Мәңгілік ел " ұлттық идеясы,"100 нақты қадам" Ұлт жоспары мен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының идеяларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған Қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері туралы шығармалар конкурсында ІІ орын алған Шамун Гүлбақыт маратталады.
11-11-2018 Баскетбол жарысы

10 қарашада өткен жалпы
білім беретін 7-8 және 9-10 сынып аралығында аудандық баскетбол ұлдар арасында өткен
жарысында №7 мектеп оқушылары 2-3 орынға ие болды. Жетекшілік еткен Құлданов
Олжас,Бисенова Садуғаш.
10-11-2018 Жайдарман әзіл-әлемі

9 қараша күні Жетібай
мәдениет үйінде әкім кубогына жайдарман әзіл-әлемі болды.Соған мектебімізден «Ерекше
» топ командасы қатысты. «Ерекше» топ командамыз ІІ-орынмен марапатталса, 9 сынып оқушысы Базарбаев
Сағындық «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша марапатталды.
06-11-2018 Олимпиада

Бүгін мектебімізде 8-10 сыныптар бойынша мектеп ішілік олимпиада өтті.
04-11-2018 «Аспапта орындаушылық өнері-Домбыра»

«Аспапта орындаушылық
өнері-Домбыра» номинациясы бойынша қатысып,жоғары деңгейде көрсеткен өнері және
білімі үшін Сахарбай Әділбек ІІ дәрежелі
лауреат,Қайрадин Мерей ІІІ дәрежелі лауреат дипломымен марапатталады.
04-11-2018 "Алтын күз" атты шығармашылық байқау
02-11-2018 «Алтын күз»

Мектебімізде
01.11.2018ж 8-9-10 сыныптар арасында «Алтын күз» атты күзгі бал өтті. Балдың
талаптары мен шарттары төмендегідей 6-кезеңнен тұрды:
1. «Сәлемдесу сөз басы » (таныстыру)
2. «Ақыл-ой мен білім әр адамның сәулеті»(ситуациялық сұрақ)
3. «Өнерліге өріс кең»(өз өнерлерін көрсету)
4. Икебана(картиналар,қолдан жасалған бұйымдар)
5. Ауа-райы болжамы (қалжын түрінде)
6. Сән үлгісі(күз бейнесі)
Байқауға тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары А.Кулчыкова,оқу ісінің меңгерушісі Б.Шаукенова, әдіскер Н.Берсугурова , сызу пәнінің мұғалімі Э.Аманқосова, 2017 жылғы «Күз ханшайымы»
байқауының жеңімпазы М.Сарбекова, 11 сынып оқушысы «Жас түлек-2019»Е.Базарбай төрелік етті.Балға қатысқан үміткерлер:
8 «а» сынып оқушылары Сарбала
Ғалымжан,Ескендір Ақмарал. 8 «ә» сынып оқушылары Тулебаев Женисбек,
Мұратбайқызы Гүлназ, 8 «б» сынып оқушылары Тағыберген Оспан, Серікбайқызы Сара,
9 «ә» сынып оқушылары Базарбаев Сағындық , Шамун Гүлбақыт, 9 «б» сынып
оқушылары Әли Шыңғысхан, Алпан Шұғыла. Барлық қатысушылар байқауға үлкен дайындықпен келген. Сайысымыздың қортындысы
төмендегідей нәтиже берді:
белсенді қатысқан үшін алғыс хаттармен 9«ә»
сынып оқушысы Шамун Гүлбақыт, 9 «б»
сынып оқушысы Әли Шыңғысхан, 3-орынды 9«ә»
сынып оқушысы Базарбай Сағындық,9 «б» сынып оқушысы Алпан Шұғыла, 2-орынды 8 «ә» сынып оқушылары Тулебаев
Женисбек, Мұратбайқызы Гүлназ, 1-орынды 8 «б» сынып оқушылары
Тағыберген Оспан,Серікбайқызы Сара иеленсе, сайыстың бас жүлдегерлері «күздің
ханшасы мен ханзадасы» атағын
жеңіп алған 8 «а» сынып
оқушылары Сарбала Ғалымжан,
Ескендір Ақмарал болды.
Жеңімпаздарға алтын күз
тәжін «Күз ханшайымы-2017»
байқауының жүлдегері, 11-сынып оқушысы
Сарбекова Мадина табыс етті.
Мерекелік шара өз дәрежесінде өткізілді. Бұл сайыстың
мақсаты: жастарды табиғат
ерекшелігін талғай білуге,
әсемдікке,өнерпаздыққа,жоғары талғампаздыққа
тәрбиелей отырып,білімді,талантты оқушыларды анықтау.
31-10-2018 «Ұстаз жолы-ұлы жол»

30 қазан күні
мектебімізде «Ұстаз жолы-ұлы жол» атты жас мұғалімдер арасында топтық сайыс
өткізілді. Сайысқа 5 топ қатысты. Сайыс өте қызықты мағыналы өтті.Топтар сайыстың
шарттары бойынша жақсы дайындықтарын көрсетті.Таныстыру және өнер көрсету
кезеңдерінде мұғалімдер өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді.Жас болса да
ұстаз деген атқа лайық жас мамандар педагогикалық жағдаяттардан ұтымды ойларын
білдіріп жақсы шыға білді.Сабақ жоспарын құру барысында білім мазмұнын жаңарту
шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып педагогикалық
шеберліктерін көрсетті.Нәтижесінде белсенді қатысып ерекше көзге түскен «Медуза»
тобы бас жүлдеге ие болды.І-орын «Арқар» тобы, ІІ-орын «Жас Stars» тобы,ІІІ-орын
«Шаңырақ» тобы.Жас мұғалімдерге алдағы
еңбек жолдарында шығармашылық табыс тілейміз!
25-10-2018 «Алтын сақа »

«Күз мереке-күз
береке» атты бастауыш апталығында 3-4 сыныптар аралығында «Алтын сақа »
интеллектуалдық ойыны өтті.Интелектуалды ойында өткен бұйымдардың аттарын
есімізге түсіріп керемет сайыс өтті. «Алтын сақа » интеллектуалдық ойынды
бастауыш сынып мұғалімі Сагинова Гулмира өткізді.Жоба сұрақтарын бастауыш сынып
мұғалімі Кушкинбаева Жеміс ұйымдастырды.
24-10-2018 "Менің таңдауым-салауатты өмір салты!"

15-24 қазан аралығында
мектеп ішілік жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру
мақсатында «Ескерту-түзетуден оңай» атты
ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасы аясында вело жарысы өтті.
Мектебіміздің 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар арасында «Менің таңдауым-салауатты
өмір салты!» тақырыбында эстафеталық сайыс өткізілді.Негізгі
мақсатымыз-балалардың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын ояту,командалық
рухты,ұйымшылдықты дамыту.Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау арқылы
балалардың денсаулығын нығайтуға ұмтылысын қалыптастыру және зиянды әдеттерден
бас тартуға баулу.