15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс.

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс өтті. Жарысқа Мәтжанов отбасы, Жұматаев отбасы, Исаханов отбасы, Титумбаев отбасылары жарысқа белсенді қатысты.Жарыс барысында
І орынды -Жұматаевтар отбасы
ІІ орынды -Исахановтар отбасы 
ІІІ орын -Мәтжановтар отбасы 
Ынтымағы жарасқан отбасы номинациясы бойынша - Титумбаевтар отбасы ие болды. Осындай жарысымызға белсенділік танытып ат салысып қатысқан ата-аналарға көп рахметімізді айтамыз.

Жарияланған күні: 15-05-2019  



16-10-2019  

Ұстаздар қауымының төл мерекеі. 2019ж

iconБүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Ақырын жүріп анық бас. Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! Мерекелік сап түзеудің ашылу салтанатын 11 сынып оқушылар ұйымдастырды. 

14-10-2019  

«Адалдық сағаты» өтті.

icon«Мұнайшы ауылының №7 орта мектебі»КММ-де қазан айының 14 күні оқушылардың бойында адалдық,парасаттылық,отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты» өтті.  Оқушылар адалдық алаңы туралы мәлімет алып,жемқорлықты жоюдың негізгі шарттарымен танысты. 

14-10-2019  

Қарттар күнімен тұспа тұс келген Ардагер Ұстаздарымыздың мерекесі

iconМақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Көп жасаған қария Ақылы теңіз дария. Көп өнеге сөзі бар, Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр. бүгінгі келіп жеткен 1 қазан Халықаралық қарттар күнінде мектебіміздің ардагер ұстазы Кейкешова Ұлболсын апайды бастауышта тәлім-тәрбие берген білім нәрімен сусындатқан 11 сынып оқушылары,сынып жетекшілер және ТЖО үйіне барып құттықтап келді. Қарттар күнімен тұспа тұс келген Ұлболсын апайды ұстаздар күнімен де шын жүректен құттықтаймыз!!! 

08-10-2019  

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.

icon2019 жылдың 7 қазан күні оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары бағыты, тарих секциясы бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушысы Аққұбаш Диас белсенділік танытып ІІІ-дәрежелі орынды иеленді Жетекшісі: Аманшаева Жұлдыз.Жеңімпазымызға сәттілік тілейміз 

06-10-2019  

Ұстаздар қауымының төл мерекеі. 2019ж

iconБүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Ақырын жүріп анық бас. Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!!! Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы!!! Бүгінгі келіп жеткен №7 орта мектебінің мұғалімдерін шын жүректен құттықтаймыз!! 

30-09-2019  

ХІV республикалық шахмат турнирінің аудандық кезеңі

icon

24-09-2019  

"Тіл білгірі "интелектуалды сайысы.

icon24.09.2019ж аудандық ішкі саясат бөлімінде "Ажар- ай" қоғамдық қоры өткізген "Тіл білгірі "интелектуалды сайысына мектебіміздің 9 ә сынып оқушысы Надір Мөлдір қатысып 3 орын алдыЖетекшісі Карахожаева Сабира қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

24-09-2019  

«Жас бағдарламашы» бағдарлама жазушылардың аудандық сайысы өтті.

icon 2019 жылдың 23 қыркүйек күні аудандық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес №1 орта мектебі базасында информатика пәнін жетік меңгерген, өз бетімен қолданбалы бағдарламалар жазуға бейім оқушыларды іріктеп, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру және қолдау көрсету мақсатында «Жас бағдарламашы» бағдарлама жазушылардың аудандық сайысы өтті.Нәтижесінде мектебіміздің оқушылары «Өндірістік бағдарлама» номинациясы бойынша – Берікұлы Әлішер 7-сынып оқушысы. «Шығармашыл бағдарлама» номинациясы бойынша – Сарыбала Ғалымжан, 9 сынып оқушылары марапатталды. Оқушымызға саттілік тілейміз.  

11-09-2019  

Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауда мектеп қызметкерлермен талқыланды

iconМемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына "Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауда мектеп қызметкерлермен талқыланды. Жолдауды айқындалып көрсетілген басым бағыттар бойынша жалпы ұлттық іс-шаралар жоспары таныстырылды. 

10-09-2019  

"Адамның бақыты- балада" атты ән, би сайысы өтті

iconМектебіміздің музыка пәні мұғалімі Карагулова Маралдың ұйымдастырумен "Адамның бақыты- балада" атты ән, би сайысы өтті. Мақсаты: Отбасы-Отанның бір бөлігі екендігін ұғындырып балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

Соңғы жаңалықтар

«Менің кіші Отаным»

Қазан айының 6-сы күні өткен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІІ республикалық интелектуалдық ...

26 қазан 2020
"Әрбір жан өз бақытының шебері" тренинг

Мектебіміздің психологы К.Кульмагамбетова "Әрбір жан өз бақытының шебері" атты жас мамандарға арн ...

23 қазан 2020
«Қауіпсіз мектеп автобусы»

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасым ...

23 қазан 2020
"Жол ережесін біліп жүр" атты эстафета

"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акцияның іс - шара аясында 1 сынып оқушылары арасында, көң ...

23 қазан 2020