15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс.

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс өтті. Жарысқа Мәтжанов отбасы, Жұматаев отбасы, Исаханов отбасы, Титумбаев отбасылары жарысқа белсенді қатысты.Жарыс барысында
І орынды -Жұматаевтар отбасы
ІІ орынды -Исахановтар отбасы 
ІІІ орын -Мәтжановтар отбасы 
Ынтымағы жарасқан отбасы номинациясы бойынша - Титумбаевтар отбасы ие болды. Осындай жарысымызға белсенділік танытып ат салысып қатысқан ата-аналарға көп рахметімізді айтамыз.

Жарияланған күні: 15-05-2019  



20-10-2019  

Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жыл толуына орай дәріс өткізді.

icon Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ азаматы Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жыл толуына орай Қарақия аудандық жастар орталық ресурстарының маманы Қайырхан Асу мектебіміздің 11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Жас ордасына тігілген жайнаған тудан қазақ қаһармандығына мәңгі өлмес ескерткіш қойған жау жүрек батыр Рақымжан Қошқарбаев туралы "Өмір жолы" атта видеоролик көрсетіліп, түсінік берді.  

20-10-2019  

Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдығына орай "Заңғар жазушы туралы зиялы сөз" атты әдеби кеш өтті.

iconМектеп кітапханасында Заңғар жазушы, жерлесіміз Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдығына орай "Заңғар жазушы туралы зиялы сөз" атты әдеби кеш өтті. "Дархан дарын иесі" атты көрме жасақталды. Кеште оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысты. 

20-10-2019  

Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған "Әбіш әлемі" аудандық көркем сөз оқу байқауы өтті.

icon Қарақия аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған "Әбіш әлемі" аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауында" мектебіміздің жас маманы Серікбаева Гүлжайна белсенділік танытып ІІ-дәрежелі орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!  

18-10-2019  

Эстафеталық сайыс.

icon18.10.2019 жылы мектебімізде бастауыш апталығы өтті. Сонымен қатар мектебіміздің дене пәнінің мұғалімі Карабалин Ақкенже Аманқосқызының ұйымдастыруымен 4 сыныптар арасында эстафеталық сайысы өті. 

17-10-2019  

"Байтерек" интелектуалдык ойыны өтті.

icon17.10. 2019 күні мектебімізде бастауыш апталығына байланысты 3 сынып оқушылар арасында "Байтерек" интелектуалдык ойыны өтті. 

17-10-2019  

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының және «Шаңырақ» ұйымының кезекті отырысы өтті.

icon«Мұнайшы ауылының №7 орта мектебі»КММ-де қазан айының 15 күні «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының және «Шаңырақ» ұйымының кезекті отырысы өтті.Отырыста Елімізде алғаш бастау алған «Ізгілік елшісі» атты еріктілердің ұлттық жобасы таныстырылды.Бұл жоба ауылымыздағы көпбалалы аналарға,қарттарға және балалары түрлі аурулармен ауыратын отбасыларға қолдау көрсету үшін құрылғандығы туралы толыққанды мағлұмат алып,еріктілердің осы қозғалысын ұйым басшылары қолдауға шақырды. Аталған жобаның мақсаты- айналамыздағы көмекке мұқтаж жандарға кол ұшын беруге,жалпы жастарды адамгершілікке,ізгілікке тәрбиелеуге арналған. Осы бағытта мектебімізде 18 қазан күні мектеп психологі және тәрбие жөніндегі орынбасарының ұйымдастыруымен аталған ұйыммен 10-11 сыныптар арасында «Парасат - ақыл мінез жарастығы» дөнгелек үстел өткізілді. Мектебіміздің жас мамандары мен оқушылары «Мейірімділік сыйла әлемге» атты жәрмеңке өткізді.Жас мамандардың іңбектерімен жасалған тағам түрлері сатылымнан өз орындарын тапты. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады демекші, жәрмеңке соңында жәрмеңкеден түскен қаржыға 4 отбасыға көмек берілді. 

17-10-2019  

Республикалық, Облыстық, Аудандық алғыс хат.

iconҰстаздар күніне орай АББ-де ұйымдастырылған мерекелік шараларда мектебіміздің ардагер ұстаздары Республикалық, облыстық, аудандық алғыс хаттармен марапатталды. Ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын 

17-10-2019  

Ұстаздар қауымының төл мерекеі. 2019ж

iconҰстаздар күніне орай ұйымдастырылған шараларда мектебіміздің ұлағатты ұстаздары облыстық, аудандық сайыстарда жеткен жетістіктер. Ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын 

16-10-2019  

Мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті.

icon03.10.2019ж мұғалімдердің төл мерекесіне орай мектебімізде кәсіподақ мүшелері Жұмаева Күлбаршын және Қазбекова Динара апайлардың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті. Ұстаздарымызды келіп жеткен төл мерекесімен шын жүрекпен құттықтаймыз 

16-10-2019  

"Ұстаздың ұлы келбеті" тәрбие сағаты

iconАшық тәрбие сағаты: "Ұстаздың ұлы келбеті"Мақсаты: Оқушыларды, ұстаздарды,олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.Мұғалімнің аты-жөні: Арызгулова Марфуға3 "А" сыныбы 

Соңғы жаңалықтар

«Менің кіші Отаным»

Қазан айының 6-сы күні өткен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІІ республикалық интелектуалдық ...

26 қазан 2020
"Әрбір жан өз бақытының шебері" тренинг

Мектебіміздің психологы К.Кульмагамбетова "Әрбір жан өз бақытының шебері" атты жас мамандарға арн ...

23 қазан 2020
«Қауіпсіз мектеп автобусы»

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасым ...

23 қазан 2020
"Жол ережесін біліп жүр" атты эстафета

"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акцияның іс - шара аясында 1 сынып оқушылары арасында, көң ...

23 қазан 2020