15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс.

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс өтті. Жарысқа Мәтжанов отбасы, Жұматаев отбасы, Исаханов отбасы, Титумбаев отбасылары жарысқа белсенді қатысты.Жарыс барысында
І орынды -Жұматаевтар отбасы
ІІ орынды -Исахановтар отбасы 
ІІІ орын -Мәтжановтар отбасы 
Ынтымағы жарасқан отбасы номинациясы бойынша - Титумбаевтар отбасы ие болды. Осындай жарысымызға белсенділік танытып ат салысып қатысқан ата-аналарға көп рахметімізді айтамыз.

Жарияланған күні: 15-05-2019  



27-11-2019  

"Өсімдіктер мен жануарлар әлемі" атты тақырыпта ашық сабақ өтті.

icon27 қараша күні қазақ тілі мен қазақ әдебиеті апталығында А.Алдабергенованың 5 "А" сыныбына "Өсімдіктер мен жануарлар әлемі" атты тақырыпта ашық сабақ өтті.Оқушылар топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындады. 

27-11-2019  

Мектебімізде "Абай әлеміне саяхат" атты сайыс сабақ өткізді

icon27 қараша күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ. Теңізбаеваның ұйымдастыруымен 6 сыныптар арасында "Абай әлеміне саяхат" атты сайыс сабақ өткізді. Әр топ топтарын ерекше таныстырып, Абайдың өлеңдерін жатқа айтудан жарысып, қара сөздері мен әндерін тамаша шырқады. Абай туралы бірнеше сұрақтарға т апжылмай жауап беріп, өздерінің білімдерін көрсете білді. Сайыс соңында бас жүлдені 6 "Б" сыныбы иеленсе, І орынды 6 "В" сыныбы , ІІ орынды 6 "А" сыныбы, ІІІ орынды 6 "Ә" сыныбы иеленді. 

26-11-2019  

2003-2004 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті.

icon 26.11.2019 жылы 2003-2004 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті.Жарыс нәтижесінде мектебімідің ұлдар командасы І орынды қанжығасына байласа, қыздар командасы ІІІ орынға ие болды. Мектебіміздің 10 сынып оқушысы Титумбаев Бекзат жарыстың үздік ойыншысы, 9 сынып оқушысы Хамит Айзада Үздік қорғаушы дипломдарымен марапатталды.  

26-11-2019  

"Менің тұңғыш Президентім" атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.

icon

26-11-2019  

"Поэзия падишасы Фариза" тақырыбында 8-11 сыныптар арасында поэзия кеші өтті.

icon25.11.2019 жылы ауыл кітапханашысы мен мектеп кітапханашылары Б. Рзатаева, Р. Сақтағанова ұйымдастыруымен 5 желтоқсан Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерей тойына арналған "Поэзия падишасы Фариза" тақырыбында 8-11 сыныптар арасында поэзия кеші өтті. 

25-11-2019  

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаттары өткізілді.

icon25.11.2019 жылы 1-11 сыныптар арасында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналып "Елбасы-ел мақтанышы", "елі сүйген, елін сүйген Елбасы", "Елім деп соққан жүрегі, алып тұлға-Елбасы" тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. 

24-11-2019  

"Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман" атты тақырыпта жас мамандарға тренинг К. Кульмаганбетова өткізді.

icon23.11.2019 жылы "Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман" атты тақырыпта жас мамандарға тренинг К. Кульмаганбетова өткізді.Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру. Тренинг 7 бөлімнен тұрды. 1. "Танысу" жаттығуы2. "Достық шеңбер" жаттығуы3. "Фигуралар" ойын-жаттығуы4. "Арттерапия" жаттығуы 5. "Сіз қандай мұғалімсіз?" сауалнама 6. "Жас мамандарға психологиялық кеңестер" 7. "Қорытындылау" 

24-11-2019  

Мектебімізде қыс мезгіліндегі қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі туралы оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

iconМектебімізде қыс мезгіліндегі қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі туралы оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қауіпсіздік туралы бастауыш сынып оқушыларына бейнероликтер көрсетіліп, 5-7 сыныптарға жиналыс өткізіліп, түсінік жұмыстарын мектеп директоры А.Мухашева, мектеп инспекторы Оразнияз Мұратбек, мектеп психологы Н.Бағдбаева, тәлімгер М. Қарагулова қауіпсіздік туралы оқушыларға ақыл-кеңес, жол ережелері туралы айтты 

21-11-2019  

Кітаптар еліне саяахат

iconРухани адамгаршілік тәрбиеге арналған кітаптарды таныстыру мақсатында 5 "Б" сынып оқушыларымен мектебіміздің кітапханасында кіші буынға арналған жаңа 100 кітап авторларымен таныстырылып , оқушылар рухани азық алып өз пікірлерін қосты. Мектебіміздің кітапханашысы Б. Рзатаеваның ұйымдастыруымен кітап көрмесі өз дәрежесінде өтті. 

21-11-2019  

"Мен спортты сүйемін" атты тақырыпта көңілді старт ұйымдастырылды.

icon21.11.2019 жылы 5 сыныптар арасында Қыс мезгіліндегі жол қауіпсіздігі аясында "Мен спортты сүйемін" атты тақырыпта көңілді старт ұйымдастырылды. Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Мектебіміздің дене тәрбиесінің нұсқаушысы Ж.Нұрлыбаев ұйымдастырды. Көңілді старт 5 кезеңнен тұрды. Олар: 1.Кім жылдам, 2.Хоккей, 3. Доп алып жүгіру, 4. кедергілер арасынан жүгіру, 5. Есеп шығару. Жарыс нәтижеснде І орын 5 "А" сыныбы, ІІ орын 5 "Ә" сыныбы, ІІІ орын 5 "Б" сынып оқушылары иеленді. 

Соңғы жаңалықтар

«Менің кіші Отаным»

Қазан айының 6-сы күні өткен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІІ республикалық интелектуалдық ...

26 қазан 2020
"Әрбір жан өз бақытының шебері" тренинг

Мектебіміздің психологы К.Кульмагамбетова "Әрбір жан өз бақытының шебері" атты жас мамандарға арн ...

23 қазан 2020
«Қауіпсіз мектеп автобусы»

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасым ...

23 қазан 2020
"Жол ережесін біліп жүр" атты эстафета

"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акцияның іс - шара аясында 1 сынып оқушылары арасында, көң ...

23 қазан 2020