15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс.

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс өтті. Жарысқа Мәтжанов отбасы, Жұматаев отбасы, Исаханов отбасы, Титумбаев отбасылары жарысқа белсенді қатысты.Жарыс барысында
І орынды -Жұматаевтар отбасы
ІІ орынды -Исахановтар отбасы 
ІІІ орын -Мәтжановтар отбасы 
Ынтымағы жарасқан отбасы номинациясы бойынша - Титумбаевтар отбасы ие болды. Осындай жарысымызға белсенділік танытып ат салысып қатысқан ата-аналарға көп рахметімізді айтамыз.

Жарияланған күні: 15-05-2019  



25-02-2020  

Маңғыстау облысының білім басқармасы ұйымдастырған республикалық Қадыр оқулары өтті.

icon Маңғыстау облысының білім басқармасы ұйымдастырған республикалық Қадыр оқулары өтті. Нәтижесінде " Сөздің бәрі құдіретті" бағыты бойынша 6 сынып оқушысы Зершал Іңкәр ІІІ дәрежелі орынды иеленді және "Кейбір дән ұшырып қырманда , кейбір жарым бақташы боп жүр маңда" бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Тайшық Мира ІІІ дәрежелі орын иеленді. Құттықтаймыз.  

25-02-2020  

Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған "Ұлтық мектеп лига"-" Шұбар доп" ойындары өтті.

icon27.01.2020 жылы Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған "Ұлтық мектеп лига"-" Шұбар доп" ойындары өтті. Нәтижесінде оқушыларымыз жүлделі орындармен оралды "Үздік ойыншы" номинациясы бойынша қыздар командасынан Сағнай Гаухар, ұлдар командасынан Тлеужанов Бекзат марапатталды. Сонымен қатар қыздар командасы ІІІ дәрежелі орынды иеленсе, ұлдарымыз І дәрежелі орынды иеленіп облыстық сайысқа жолдама алды. Құттықтаймыз. 

23-02-2020  

«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты мерекелік іс-шарамыздың негізгі мақсатында жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.

icon Қазақ халқы ежелден-ақ жомарт, Ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғап, талантты балаларды қолдап, қорғауды басты парыз санайды.Қазіргі таңда әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, ал біреулер өзгелердің көмегіне зәру. «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты мерекелік іс-шарамыздың негізгі мақсатында жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту. Осы орайда мектебіміздің "Жастүлек 2020" оқушылары ауылымыздың жүргізушілеріне ыстық шай мен тәттілер таратты. Жүргізушілер өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.  

23-02-2020  

«Мен offline (офлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясының жоспары жасақталып, жұмыстар жүргізілді.

iconАудандық білім беру бөлімінің 05.01.2020ж. №01-28-2 санды хатына байланысты 2020 жылдың 26 қаңтары Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен offline (офлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясының жоспары жасақталып, жұмыстар жүргізілді. Атап айтатын болсақ, 24.01-25.01 аралығында 1-11 сынып жетекшілері өз сыныптарында «Мен offline (офлайн)» тақырыбында тәрбие сағаттар өткізді.24.01. күні сурет пәнінің мұғалімі М.Қыйзатованың ұйымдастыруымен «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» 1-4 сыныптар арасында байқау ұйымдастырды. Ұшқыр идеямен салынған суреттер де болды. Суреттерді бағалауда ең үздік сурет, яғни бас жүлдеге лайықты деп 1 «В» сынып оқушысы Самат Мадияр, 1 орынға Джуманияз Әлімжан 2 «А» сынып оқушысы, 2 орынға 2«А» сынып оқушысы Сансызбай Гаухар иеленді , 3 орынға 4 «Ә» сынып оқушысы Төлесін Айтнұр мақтау қағаздарымен марапатталды. 24.01 күні қазақ тілі пәні мұғалімі Ғ.Теңізбева «Мен оffline (офлайн)» 5-11 сыныптар арасында эссе байқауын ұйымдастырды. Нәтижесінде 1 орынды Сахарбай Әділбек 6 «ә» сынып оқушысы , орынды Эммди Қарақат 5«б» сынып оқушысы . 3 орынды Жақсығат Райхан 5 «ә» сынып оқушысы иеленді. Аталған іс – шарада оқушылар смартфондардан, компьютерлерден және жаһандық желіден алшақтату, бұл күнді тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақын адамдармен қарым – қатынас жасауға немесе оны сүйікті хоббиіне арнауға көмектесу мақсатында өтті. 

23-02-2020  

"Knowledge is pawer" атты орыс тілі мен ағылшын тілі апталығы өтті.

iconМектебімізде 20.01-24.01.2020 ж аралығында "Knowledge is pawer" атты орыс тілі мен ағылшын тілі апталығы өтті.27.01.2020 ж апталықтың жабылуы өткізіліп оқушыларға марапаттар берілді. 

16-02-2020  

"Қайрымдылық жасасаң қайырын өзің көресің"

icon

29-11-2019  

2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті

icon29.11.2019 жылы 2005-2006 жылы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті.Жарыс нәтижесінде мектебімідің ұлдар командасы І орын, қыздар командасы І орындарға ие болды. Мектебіміздің оқушыларына биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!!! 

28-11-2019  

"Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепілі " атты семинар сабақтары өткізілді.

icon 28.11.2019 ж мектебімізде "Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзыреттілігін арттырудың кепілі " атты семинар сабақтары өткізілді.  

28-11-2019  

"Тіл білгірі"интелектуалды сайысы өтті.

iconМектебімізде өткізіліп жатқан "Тіл-ұлттың мерейі"атты қазақ тілі апталығында өткен "Тіл білгірі"интелектуалды сайысы(8-11-сыныптар) 28-қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Карахожаева Сабира9-сыныптар арасында М. Өтемісұлының "Мен,мен,мен едім"өлеңінің желісімен өткізілген "Ашық алаң"пікіталастан көрініс. Мұғалім:Карахожаева. С.Тақырыбы:Біз -ҰБТ-ға сеніммен барамыз атты 11- сыныптарға өткен тренинг сабақтан көрінісЖүргізген мұғалім Карахожаева С 

27-11-2019  

"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді.

icon"Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары" атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді. 7-9 сыныптар арасында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Қайырхан Асу және Мұнайшы әкімінің бас маманы Жұмаханова Алия қатысты. Қайырхан Асу "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы" тақырыбында дәріс оқыды. 1-4 сыныптарға бейнероликтер көрсетіліп, бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. 1-желтоқсан Президент күніне орай 1-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. 

Соңғы жаңалықтар

«Менің кіші Отаным»

Қазан айының 6-сы күні өткен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІІ республикалық интелектуалдық ...

26 қазан 2020
"Әрбір жан өз бақытының шебері" тренинг

Мектебіміздің психологы К.Кульмагамбетова "Әрбір жан өз бақытының шебері" атты жас мамандарға арн ...

23 қазан 2020
«Қауіпсіз мектеп автобусы»

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасым ...

23 қазан 2020
"Жол ережесін біліп жүр" атты эстафета

"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акцияның іс - шара аясында 1 сынып оқушылары арасында, көң ...

23 қазан 2020