15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс.

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс өтті. Жарысқа Мәтжанов отбасы, Жұматаев отбасы, Исаханов отбасы, Титумбаев отбасылары жарысқа белсенді қатысты.Жарыс барысында
І орынды -Жұматаевтар отбасы
ІІ орынды -Исахановтар отбасы 
ІІІ орын -Мәтжановтар отбасы 
Ынтымағы жарасқан отбасы номинациясы бойынша - Титумбаевтар отбасы ие болды. Осындай жарысымызға белсенділік танытып ат салысып қатысқан ата-аналарға көп рахметімізді айтамыз.

Жарияланған күні: 15-05-2019  



15-10-2020  

"Ұлы өнертапкыштыққа алғашқы қадам"

icon Қыркүйек айының 28-і күні өткен "Ұлы өнертапкыштыққа алғашқы қадам" инновациялық идеялардың республикалық қашықтықтан байқауының аудандық кезеңіне мектебімізден төрт  оқушы  қатысты . Нәтижесінде  оқушымыз  Серік  Аян ІІ орынды иеленсе ,  Шотықбай Альбина ІІІ орынды иеленді.  2 қазан күні өткен   "Ұлы өнертапкыштыққа алғашқы қадам" инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңіне оқушымыз Серік Аян қатысып ІІІ орын жеңімпазы атанды. Жетекшілері Аманова Самал мен Жұмаева Жадыраны құттықтаймыз.  

12-10-2020  

"Құрмет" грамотасы

iconТәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және бiлiм беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Жұмаева Күлбаршын Иманғазықызы Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тарапынан "Құрмет"  грамотасымен марапатталды.Құттықтаймыз! 

09-10-2020  

Алғыс хат

iconМектебіміздің ұйымдастырушы педагогы Молдасынова Райгүл білім саласын өркендеуіне  және ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Қарақия аудандық әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапатталды.  

06-10-2020  

ҰСТАЗДЫҚ - ҰЛЫ ҚҰРМЕТ

iconБүгін аудан әкімі Қыдырберді Әндірұлы Беков кәсіби мерекеге орай білім саласындағы ерен еңбегі үшін Жетібай және Мұнайшы ауылдарының мұғалімдерін марапаттап, гүл шоқтарын табыстады. Оның ішінде, Жарқынай Аманшаеваға «Құрмет грамотасы», Нұрлыхан Алагөзоваға "Қазақстан Конститутциясына 25 жыл " мерекелік медалімен наградталды. Салтанатты жиын барысында аудан әкімі ұрпақ тәрбиелеуде мұғалімнің зор еңбегін атап өтті.    

02-10-2020  

"Менің алғашқы ұстазым"

iconМектебіміздің 3 сынып оқушыларына "Менің алғашқы ұстазым" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Осы көрмеге белсенді қатысқан 3 "Ә, В" сынып оқушыларына және сынып жетекшілері Г. Джанбирова, А.Оралбаеваға алғыс білдіреміз. 

02-10-2020  

"Менің көңіл күйім"

iconМектебіміздің қашықтан оқыту кезіндегі ақпараттық қолдау бағытындағы медиа-жоспарға сәйкес, ұйымдастырушы педагог Р.Молдасынова мен психолог К.Кульмагамбетованың ұйымдастыруымен "Менің көңіл күйім" тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту,эмоционалдық ахуал қалыптастыру болатын. Психолог К.Кульмагамбетова оқушылармен әртүрлі жаттығулар орындалды.Оқушылар белсене қатысып, ерекше көңіл күйлері көтерілді. 

01-10-2020  

"Көргені жақсы көш бастар"

icon"Көргені жақсы көш бастар"  демекші бүгін ұстаздар күніне орай мектеп басшысы Мұхашева Айжан Нұрлыбаевна  Маңғыстау облысы әкімінің құрмет грамотасымен    марапатталды.  Кәсіби мереке қарсаңында алған марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!   Денсаулық пен табысты қызмет тілейміз!!!

20-09-2020  

"Дені сау отбасы-ұлт болашағы"

iconОтбасы мейірімділік, қамқорлық туралы түсінік беру, отбасында әкені сыйлау, ананы қадірлеуге, ата –әжемізді сыйлауға тәрбиелеу мақсатында мектебімізде ашылған кезекші  1 сынып оқушыларының отбасы мүшелерінің арасында "Дені сау отбасы-ұлт болашағы" спорттық эстафета өткізілді. Эстафетаны ұйымдастырған ұстаздарымыз Бисенова С. және Дузанов Е. 

18-09-2020  

"Менің отбасым-менің тірегім"

icon"Отбасы - бақыт мекені" атты республикалық апталық аясында қашықтан өткізілген іс-шаралар жоспары бойынша 3-4  ші сынып оқушылары арасында өткізілген "Менің отбасым-менің тірегім" тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Бұл сайысымыздың мақсаты: Отбасы үй іші туралы білімдерін кеңейту. Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрауға, сөздерді дұрыс айтуға, ойларын дұрыс жеткізе білуге үйрету. Мектебімізде қашықтан ұйымдастырылған "Менің отбасым-менің тірегім" сурет салу байқауының нәтижесі бойынша ІІІ орын 3"В" сынып оқушысы Демеген Кәусар, ІІ орынға  4"А" сынып оқушысы  Шамун Айым және 3 "Ә" сынып оқушысы Майрам Сұңғат, І орын  4 "б" сынып  оқушысы  Айтбай Дінмұхаммед ие болды. Орын алған оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!  

15-09-2020  

ІQanat олимпиадасы

"IQanat "ауыл мектептеріне арналған оқушылардың  онлайн олимпиадасына  мектебіміздің 9 сынып оқушыларын ағылшын тілі ,математика,физика және эссе жазу сайысының  бағыттары бойынша 1 қыркүйек пен 1қазан аралығына дейін тіркелу жүріп жатыр.  Zoom платформасы арқылы мектебіміздің ұйымдастырушы педагог маманы: Молдасынова Райгүл  9 сынып  оқушылары мен  пән  мұғалімдерге  "IQanat " олимпиадасына тіркелу жолдары бойынша  түсінік  жұмыстарын бейнеконференция арқылы  жүргізді.    

Соңғы жаңалықтар

«Менің кіші Отаным»

Қазан айының 6-сы күні өткен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІІ республикалық интелектуалдық ...

26 қазан 2020
"Әрбір жан өз бақытының шебері" тренинг

Мектебіміздің психологы К.Кульмагамбетова "Әрбір жан өз бақытының шебері" атты жас мамандарға арн ...

23 қазан 2020
«Қауіпсіз мектеп автобусы»

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасым ...

23 қазан 2020
"Жол ережесін біліп жүр" атты эстафета

"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акцияның іс - шара аясында 1 сынып оқушылары арасында, көң ...

23 қазан 2020