15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс.

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс өтті. Жарысқа Мәтжанов отбасы, Жұматаев отбасы, Исаханов отбасы, Титумбаев отбасылары жарысқа белсенді қатысты.Жарыс барысында
І орынды -Жұматаевтар отбасы
ІІ орынды -Исахановтар отбасы 
ІІІ орын -Мәтжановтар отбасы 
Ынтымағы жарасқан отбасы номинациясы бойынша - Титумбаевтар отбасы ие болды. Осындай жарысымызға белсенділік танытып ат салысып қатысқан ата-аналарға көп рахметімізді айтамыз.

Жарияланған күні: 15-05-2019  



17-04-2019  

"Маңғыстауым-мекенім"атты поэзиялық кеш.

iconМектебімізде 10 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнің мұғалімі Теңізбаева Ғалияның ұйымдастыруымен "Маңғыстауым-мекенім"атты поэзиялық кеші өтті. Поэзиялық кешке 5-сынып оқушылары қатысты.  

17-04-2019  

"Жыл мезгілдер ертегісі"

icon11. 04. 2019 жылы мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Арызгулова Марфуға апай 2 "А"сыныбына "Жыл мезгілдер ертегісі" атты тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

17-04-2019  

"Future Simple" тақырыбында ашық сабақ.

icon 09.04. 2019 жылы ағылшын пәнінің мұғалімі Танауова Айнұр апай 5-сыныбына "Future Simple" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ оқушылардың фукционалдық білім алуын қамтамасыз етуге негізделген. Сабақ барысында топтық ,жұптық, жеке тапсырмалар беріліп, оқушылар өтілген тақырыпты меңгере алды,оқушылар сабаққа белсенділік танытып катысты .  

17-04-2019  

"Адалдық дүкендері"

icon"Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді" және «Адал жол, адал ұрпақ бастауы» демекші адам бойында қалыптасқан адалдық ұғымы қашанда адамның бойында адамгершілікпен жауапкершілік қасиеттерін нығайтады.Адалдық дүкендері» өсіп келе жатқан ұрпақ бойында адалдық қасиеттерін нығайта отырып, білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетіні анық.

17-04-2019  

"АЙБЫН"

iconМаңғыстау облысының білім басқармасында "АЙБЫН" әскери патриоттық жастар жиыны өтті. Мектебіміздің оқушылары белсенділік танытып жоғары дәрежелі орындарды иеленді. Жетекшісі:Нәдіров ҚарабекҚұттықтаймыз.  

17-04-2019  

"Серікбол көзі"

iconМектебіміздің оқушылары "Серікбол көзі" атты топтық сайыстан "Ізденімпаз топ" номинациясына ие болды. Жетекшісі Мысамбаева Гүлбаршын. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз♥♥♥ 

17-04-2019  

"Оқушы мүмкіндігі мен санаса аласыз ба" тақырыбында тренинг

icon07.03.2019жылы мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қарақожаева Сабира "оқушы мүмкіндігі мен санаса аласыз ба" тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты Оқушы өз мүмкіндіктері туралы көзқарастарын анықтау және қалай санасу жолдарын қарастыруын байқау; мүмкіндіктер туралы қаншалықты білетіндерін анықтау. 

10-04-2019  

"Серікбол әлемі"

icon10.04.2019 жылы аудандық "Серікбол әлемі" атты ғылыми - тәжірибелік конференциясы өтті. Мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары Аққұбаш Диас "Жаңа ғылыми бағыттар" секциясы бойынша және Тоқаева Мадина "Өлкетану" секциясы бойынша І-ІІ дәрежелі орындарды иеленді. Жетекшілері: Аманшаева Жұлдыз және Мысамбаева Гүлбаршын. Құттықтаймыз♥♥♥ 

07-04-2019  

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні.

icon 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Дүниежүзілік денсаулық ұйымына әр жылды медицинадағы көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады. Бұл шара адам өз өмірінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, оны жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдауы үшін өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық күні аясында 05.04.2019ж синхронды түрде таңғы жаттығу, үгіт-насихат шаралары ұйымдастырылды. Биылғы Дүниежүзілік Денсаулық күні еліміздің барлық өңірлерінде «Денсаулық баршаға» ұранымен өткізілді. Денсаулық күніне орай өткен таңғы жаттығуға мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары, жоғары сынып оқушылары және де көмекші сынып оқушылары қатысты. Барлығы 435 оқушы мен 35 мектеп қызметкерлері қамтылды.  

01-04-2019  

«Оқушы үні»

icon«Оқушы үні» қорабын ашу, оқушылардың пікірін қарау.Жиналысқа «Оқушы үні» жобасы бойынша құрылған комиссия мүшелері қатысты. Жиналысты мектеп директорының м.а. Мухашева ашып, «Оқушы үні» жобасының жалпы мақсаты оқушы пікірін есепке ала отырып оқуды жақсарту, оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты нығайту екенін айтып өтті. Осы мәселе бойынша оқушылар пікірі жазып салынған қорапты тәрбие ісінің меңгерушісі С.Джетимекова ашып, оқушылар тарапынан жазылған хаттар оқылды. Оқушылардың қолымен жазылған хаттарды оқи отырып, көптеген оқушыларымыз мектеп ауласына жасыл көгал төсеуін сұрағандығы анықталды. Бастауыш сынып оқушыларының бастауыш сыныптарға арналған спорт зал салуды сұрап жазған екен. Бір оқушы мектепте «Би» үйірмесін ашуды өтініп сұраған. Тағы бір оқушымыз мектепте жазғы сауықтыру лагерін ашуды сұрап жазған. Кейбір оқушыларымыз мектепте сыныптар және дәліздер жаңа компьютерлермен және техникамен жабдықтауды сұрап жазған хаттары қаралды. Директордың м.а А.Мухашева оқушылар тарапынан жазылған хаттарды ескере отырып, болашақта мүмкіндігінше жұмыстар жүргізілетінін айтып өтті. 

Соңғы жаңалықтар

«Менің кіші Отаным»

Қазан айының 6-сы күні өткен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІІ республикалық интелектуалдық ...

26 қазан 2020
"Әрбір жан өз бақытының шебері" тренинг

Мектебіміздің психологы К.Кульмагамбетова "Әрбір жан өз бақытының шебері" атты жас мамандарға арн ...

23 қазан 2020
«Қауіпсіз мектеп автобусы»

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасым ...

23 қазан 2020
"Жол ережесін біліп жүр" атты эстафета

"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акцияның іс - шара аясында 1 сынып оқушылары арасында, көң ...

23 қазан 2020