15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс.

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай өткен "Әкем, анам және мен" отбасылық сайыс өтті. Жарысқа Мәтжанов отбасы, Жұматаев отбасы, Исаханов отбасы, Титумбаев отбасылары жарысқа белсенді қатысты.Жарыс барысында
І орынды -Жұматаевтар отбасы
ІІ орынды -Исахановтар отбасы 
ІІІ орын -Мәтжановтар отбасы 
Ынтымағы жарасқан отбасы номинациясы бойынша - Титумбаевтар отбасы ие болды. Осындай жарысымызға белсенділік танытып ат салысып қатысқан ата-аналарға көп рахметімізді айтамыз.

Жарияланған күні: 15-05-2019  



08-05-2019  

" Серікболтану","Әбіштану"кабинеттері ашылуы

icon30.04. 2019 куні мектебімізде " Серікболтану","Әбіштану"кабинеттері ашылды . Кабинеттерді ашу рәсімі Қарақия аудандың әдістемелік орталығының директоры Алмагул Арыстанқызына берілді. Алмагул Арыстанқызы кабинеттердің ашылу мақсаттарын айта кетіп, еліміздің мақтанышына айналған ұлы тұлғаларымыздың еңбектерін ары қарай зерттеп әлемге паш ететін болашақ ұрпақтарға мол сенім артатынын айтып өтті. 

06-05-2019  

Үздік педагог -2019"

iconЖалпы орта білім беру педагогтары арасында " Үздік педагог -2019" республикалық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпазы мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қарахожаева Сабира Бас жүлдеге ие болды. Сабира апайға алдағы облыстық кезеңде жоғары дәрежеге жетуіне тілектеспіз 

30-04-2019  

"Ынтымағы жарасқан , туған өлкем- Қазақстан"

icon29.04.2019 жылы бастауыш сынып мұғалімі Сағынова Гүлмира 1 мамыр- Ымтымақ күніне арналған "Ынтымағы жарасқан , туған өлкем- Қазақстан" атты тәрбие сағатын өткізді . Оқушылар әр ұлттың ұлттық киімін киіп өнерлерін ортаға салды. 

23-04-2019  

"Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне"

icon 23-сәуір "Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне" орай 22-26 сәуір аралығында мектебімізде "Кітап әлемді бағындырады" атты кітап апталығы өткізілді. 5-8 сынып оқушылары арасында сүйікті кітапқа жарнама " Жақсы кітап-жан азығы" атты айстоппер өтті. Бастауыш сынып оқушылармен "Артық білім-кітапта" атты оқырман сағаты өткізілді.Сонымен қатар "Біз кітаппен біргеміз" атты аудио кітаптардан ертегілер, өлеңдер тыңдалды.  

19-04-2019  

"Үздік жас маман-2019 ж"

iconМектебімізде 19.04.2019 ж "Үздік жас маман-2019 ж" сайысы өтті. Жас мұғалімдеріміз белсенділік танытып өз өнерлерін ортаға салып жүлделі орындармен және әр түрлі номинациялармен марапатталды.Бас жүлдені - Жұмағалиева Гүлжайна физика пәні мұғалімі І - орын - Асылбекова Айгерім ағылшын пәні мұғаліміІІ - орын - Молдасынова Райгүл информатика пәні мұғаліміІІІ - орын - Дузанов Еділ дене шынықтыру пәні мұғалімі Серікбаева Гүлжайна ағылшын пәні мұғалімі. Талантты мұғалім - Құрбанбаева Жадыра өзін - өзі тану пәні мұғалімі  Ізденімпаз мұғалім - Құлданов Олжас дене шынықтыру пәні мұғалімі Өнерлі мұғалім - Омарова Айзада бастауыш сынып мұғалімі. 

17-04-2019  

"Абай оқулары" республикалық байқауы

icon"Абай оқулары" республикалық байқауының аудандық кезеңі Қарақия ауданында 2019 ж. 16 сәуір күні №3 орта мектепте өтті. 4 бағыттан тұратын байқауға 13 мектептен 43 оқушы қатысты. "Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы"-бөлімі бойынша Бас жүлдені 7 сынып оқушысы Реш Нұргул "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" бөлімі бойынша 5 сынып оқушысы Атабай Шадман ІІІ орынды иеленді. 

17-04-2019  

«Қауіпсіз интернет»

icon04-17 сәуір аралығында ата- аналарға, балаларға қауіп тудырмайтын ғаламтор жөнінде ақпарат тарату мақсатында «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқан ұйымдастырылды.Науқанның басты мақсаты – оқушылардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, оқушылардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарлату. 

17-04-2019  

"Дұрыс тамақтану- адам өмірінің кепілі"атты 10 күндік іс-шара өткізілді.

iconМектебімізде "Дұрыс тамақтану- адам өмірінің кепілі"атты 10 күндік іс-шара өткізілді. Іш-шараға 1-11 сыныптар арасындағы мектеп оқушылары қатысты . Оқушыларға арналған сынып сағаттары, тәрбие сағаттары өткізілді. Ата-аналарға, мұғалімдерге арналған дұрыс тамақтану жайында aжиналыстар өткізді. Іс-шараны ұйымдастырушылар мектебіміздің әлеуметтік педагог Аманшаева Жарқынай және мектеп дәрігері Жарылғасова Күнсұлу өткізді 

17-04-2019  

"Ерлік-елге өнеге" атты ашық сабақ

icon08-12.04.19ж. аралығында деңгейліктен өткен мұғалімдердің апталығында11.04.19 күні Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Алдабергенова Айжан"Ерлік-елге өнеге" атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану. 

17-04-2019  

"Сарматтардың саяси тарихы" ашық сабағы

icon08-12.04.19ж. аралығында деңгейліктен өткен мұғалімдердің апталығында 11.04.19күні тарих пәні мұғалімі Аманшаева Жұлдыз 5 "А" сыныбында өткен "Сарматтардың саяси тарихы" ашық сабағында  Bilim Land"порталының ресурсын өте қызықты да тиімді тәсілдермен үйлестіре пайдаланудың жолын көрсетті. 

Соңғы жаңалықтар

«Менің кіші Отаным»

Қазан айының 6-сы күні өткен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар ІІІ республикалық интелектуалдық ...

26 қазан 2020
"Әрбір жан өз бақытының шебері" тренинг

Мектебіміздің психологы К.Кульмагамбетова "Әрбір жан өз бақытының шебері" атты жас мамандарға арн ...

23 қазан 2020
«Қауіпсіз мектеп автобусы»

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасым ...

23 қазан 2020
"Жол ережесін біліп жүр" атты эстафета

"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акцияның іс - шара аясында 1 сынып оқушылары арасында, көң ...

23 қазан 2020