«Адалдық сағаты»

Жарияланған күні: 29-03-2021  



12-04-2021  

Ашық тәрбие сағаты

iconСыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында 9 сыныптарға ашық тәрбие сағаттары өткізілді. 9 "Ә" сыныбына Епенова С. "Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі", 9 "Б" сыныбына Бектұрғанова С. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" атты тақырыптарда сынып сағаты өткізілді. Сонымен қатар, мектебімізде «Адалдық дүкені» жұмыс жасауда. Мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сана мен мәдениетті дамыту, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді қалыптастыру. 

07-04-2021  

«Адалдық сағаты»

icon«Адалдық сағаты» Тақырыбы: «Әйтеке би-парасат биігі мен сөз құдреті». Мақсаты: Ел бірлігін сақтау мен рухын көтерудегі өнегелі өмірін үлгі ету. 

29-03-2021  

«Адалдық сағаты»

icon Әділдік, парасаттылық қағидаттары және дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» арқау болды. Қаз дауысты Қазыбек би – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға.  Әділдік, парасаттылық қағидаттары және дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» арқау болды. Қаз дауысты Қазыбек би – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға.   

27-03-2021  

Сенбілік

iconБүгін 27 наурыз күні мектебімізде сенбілік өткізілді.Мектеп айналасына ағаштар отырғызылды.Ағаштардың түптері әктелді.Сенбілікке мұғалімдер мен кіші қызметкерлер ат салыса қатысты. 

22-03-2021  

Атадан мал қалғанша, тал қалсын.

iconҰлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі, Амал күні, жаңа жылымызға орай Мұнайшы ауылында бақ орнату мақсатында "Реалос" ЖШС мекемесі 1000 түп жеміс ағаштары егілді. Аталмыш шараға ауыл әкімшілігі, мекеме басшылары мен қызметкерлері, ауыл тұрғындары белсенді түрде қатысты. Ауылымыздың көркейіп, өркендеп өсуі өз қолымызда 

21-03-2021  

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

icon Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз – біздің төл жаңа жылымыздың бастауы. Наурыз – ағайынды бауырмалдыққа, көрші-қолаңды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі. Осыған орай мектебімізде кәсіподақтың ұйымдастыруымен мектеп ұжымы арасында мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шарада қазақтың салт-дәстүрлерінен сұрақтар қойылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Ұлыстың ұлы күнінде әріптестерімізге аудандық білім бөлімінің, кәсіподақтың атынан алғыс хаттар берілді. Босағамыздан аттаған Жаңа жыл баршаңызға ырыс-несібе әкелсін деп тілейміз! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, құт дарысын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 

18-03-2021  

"Жыл құтты болсын"

iconМаңғыстау облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Наурыз мерекесінде "Жыл құтты болсын" орама шоколадтарын мектеп қызметкерлеріне үлестіру акциясын ұйымдастырды. Аталмыш шараға мектебіміздің 11 сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты. 

15-03-2021  

«Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!»

iconАмал мерекесі құтты болсын! Бұл мереке күнтізбеге енгізіліп, ресми мейрам болып танылмаса да, Батыс жұртшылығы бұл күнді асыға күтеді. Амал мейрамының ең басты нышаны көрісу болып табылады. Баршаңызды тарихи тамыры тереңге бойлаған Амал мерекесі – Көрісу күнімен, еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақ мерекесімен құттықтаймыз! 

10-03-2021  

"Танцор диско" атты би кеші

icon8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектеп ұжымы арасында "Танцор диско" атты би кеші өткізілді. Би кешіне мектебімізден "Дене шынықтыру" бірлестігі, "қазақ тілі және өзін-өзі тану", "Бастауыш", "Жаратылыстану", "ИФМ", "Орыс тілі,ағылшын тілі", "Тарих және эстетика" бірлестіктері бақ сынады. 

10-03-2021  

"Көктем шуағы" атты мерекелік концерт

iconБалаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейрімділкке, сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту мақсытында 5 наурыз күні мектебіміздің ұстаздарына арналған "Көктем шуағы" атты мерекелік концерт өткізілді. Мектебіміздің түлектері мектеп ұжымына тілектерін білдіріп, алғыстарын айтты. 

Соңғы жаңалықтар

Ашық тәрбие сағаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-а ...

12 сәуір 2021
«Адалдық сағаты»

«Адалдық сағаты» Тақырыбы: «Әйтеке би-парасат биігі мен сөз құдреті». Мақсаты: Ел бірлігін сақтау ...

07 сәуір 2021
«Адалдық сағаты»

Әділдік, парасаттылық қағидаттары және дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қай ...

29 наурыз 2021
Сенбілік

Бүгін 27 наурыз күні мектебімізде сенбілік өткізілді.Мектеп айналасына ағаштар отырғызылды.Ағашта ...

27 наурыз 2021
Атадан мал қалғанша, тал қалсын.

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі, Амал күні, жаңа жылымызға орай Мұнайшы ауылында бақ орнату мақс ...

22 наурыз 2021