"Саналы ұрпақ- Жарқын болашақ" тақырыбында интернет-науқаны өтті.

Жарияланған күні: 01-09-2019  



10-11-2018  

Жайдарман әзіл-әлемі

icon 9 қараша күні Жетібай мәдениет үйінде әкім кубогына жайдарман әзіл-әлемі болды.Соған мектебімізден «Ерекше » топ командасы қатысты. «Ерекше» топ командамыз ІІ-орынмен марапатталса, 9 сынып оқушысы Базарбаев Сағындық «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша марапатталды.

06-11-2018  

Олимпиада

icon Бүгін мектебімізде 8-10 сыныптар бойынша мектеп ішілік олимпиада өтті. 

04-11-2018  

«Аспапта орындаушылық өнері-Домбыра»

icon «Аспапта орындаушылық өнері-Домбыра» номинациясы бойынша қатысып,жоғары деңгейде көрсеткен өнері және білімі үшін Сахарбай Әділбек ІІ дәрежелі лауреат,Қайрадин Мерей ІІІ дәрежелі лауреат дипломымен марапатталады.    

04-11-2018  

"Алтын күз" атты шығармашылық байқау

icon

02-11-2018  

«Алтын күз»

icon Мектебімізде 01.11.2018ж 8-9-10 сыныптар арасында «Алтын күз» атты күзгі бал өтті. Балдың талаптары мен шарттары төмендегідей 6-кезеңнен тұрды: 1. «Сәлемдесу сөз басы » (таныстыру) 2. «Ақыл-ой мен білім әр адамның сәулеті»(ситуациялық сұрақ) 3. «Өнерліге өріс кең»(өз өнерлерін көрсету) 4. Икебана(картиналар,қолдан жасалған бұйымдар) 5. Ауа-райы болжамы (қалжын түрінде) 6. Сән үлгісі(күз бейнесі) Байқауға тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кулчыкова,оқу ісінің меңгерушісі Б.Шаукенова, әдіскер Н.Берсугурова , сызу пәнінің мұғалімі Э.Аманқосова, 2017 жылғы «Күз ханшайымы» байқауының жеңімпазы М.Сарбекова, 11 сынып оқушысы «Жас түлек-2019»Е.Базарбай төрелік етті.Балға  қатысқан үміткерлер: 8 «а» сынып оқушылары Сарбала Ғалымжан,Ескендір Ақмарал. 8 «ә» сынып оқушылары Тулебаев Женисбек, Мұратбайқызы Гүлназ, 8 «б» сынып оқушылары Тағыберген Оспан, Серікбайқызы Сара, 9 «ә» сынып оқушылары Базарбаев Сағындық , Шамун Гүлбақыт, 9 «б» сынып оқушылары Әли Шыңғысхан, Алпан Шұғыла. Барлық қатысушылар байқауға үлкен  дайындықпен келген. Сайысымыздың  қортындысы  төмендегідей нәтиже  берді: белсенді қатысқан үшін  алғыс хаттармен 9«ә» сынып  оқушысы Шамун Гүлбақыт, 9 «б» сынып оқушысы Әли Шыңғысхан, 3-орынды 9«ә» сынып оқушысы Базарбай Сағындық,9 «б» сынып оқушысы Алпан Шұғыла, 2-орынды 8 «ә» сынып  оқушылары Тулебаев  Женисбек, Мұратбайқызы Гүлназ, 1-орынды 8 «б» сынып оқушылары Тағыберген Оспан,Серікбайқызы Сара иеленсе, сайыстың бас жүлдегерлері «күздің ханшасы  мен ханзадасы»  атағын  жеңіп  алған 8 «а» сынып оқушылары  Сарбала Ғалымжан, Ескендір  Ақмарал болды. Жеңімпаздарға  алтын  күз  тәжін «Күз  ханшайымы-2017» байқауының  жүлдегері, 11-сынып оқушысы Сарбекова  Мадина табыс етті. Мерекелік  шара  өз дәрежесінде өткізілді. Бұл  сайыстың  мақсаты: жастарды  табиғат ерекшелігін  талғай білуге, әсемдікке,өнерпаздыққа,жоғары талғампаздыққа  тәрбиелей отырып,білімді,талантты оқушыларды анықтау.      

31-10-2018  

«Ұстаз жолы-ұлы жол»

icon 30 қазан күні мектебімізде «Ұстаз жолы-ұлы жол» атты жас мұғалімдер арасында топтық сайыс өткізілді. Сайысқа 5 топ қатысты. Сайыс өте қызықты мағыналы өтті.Топтар сайыстың шарттары бойынша жақсы дайындықтарын көрсетті.Таныстыру және өнер көрсету кезеңдерінде мұғалімдер өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді.Жас болса да ұстаз деген атқа лайық жас мамандар педагогикалық жағдаяттардан ұтымды ойларын білдіріп жақсы шыға білді.Сабақ жоспарын құру барысында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып педагогикалық шеберліктерін көрсетті.Нәтижесінде белсенді қатысып ерекше көзге түскен «Медуза» тобы бас жүлдеге ие болды.І-орын «Арқар» тобы, ІІ-орын «Жас Stars» тобы,ІІІ-орын «Шаңырақ» тобы.Жас мұғалімдерге алдағы  еңбек жолдарында шығармашылық табыс тілейміз!    

25-10-2018  

«Алтын сақа »

icon «Күз мереке-күз береке» атты бастауыш апталығында 3-4 сыныптар аралығында «Алтын сақа » интеллектуалдық ойыны өтті.Интелектуалды ойында өткен бұйымдардың аттарын есімізге түсіріп керемет сайыс өтті. «Алтын сақа » интеллектуалдық ойынды бастауыш сынып мұғалімі Сагинова Гулмира өткізді.Жоба сұрақтарын бастауыш сынып мұғалімі Кушкинбаева Жеміс ұйымдастырды.      

24-10-2018  

"Менің таңдауым-салауатты өмір салты!"

icon 15-24 қазан аралығында мектеп ішілік жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ескерту-түзетуден оңай» атты ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасы аясында вело жарысы өтті. Мектебіміздің 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар арасында «Менің таңдауым-салауатты өмір салты!» тақырыбында эстафеталық сайыс өткізілді.Негізгі мақсатымыз-балалардың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын ояту,командалық рухты,ұйымшылдықты дамыту.Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау арқылы балалардың денсаулығын нығайтуға ұмтылысын қалыптастыру және зиянды әдеттерден бас тартуға баулу.  

20-10-2018  

«Мұғалімнің кәсіби қиыншылықтарды жеңуі»

icon 19қазан күні мектебімізде жас мұғалімдерге психологиялық қолдау,әдістемелік көмек беру мақсатында семинар өткізілді.Семинар аясында мектеп психологтары Бағдабаева Несібелі апай мен Ербосын Бибігүл «Мұғалімнің кәсіби қиыншылықтарды жеңуі» тақырыбында тренинг өткізді.Жас мұғалімдер тренингке белсене қатысып,түрлі жаттығуларда өздерінің ойларын ашық жеткізе білді.Тренинг сабақ өте мағыналы әрі қызықты өтті.Мұғалімдер жұмыс барысында  өздерін мазалап жүрген сұрақтарға психологиялық тұрғыдан жауап алды.Жас мамандарға қолдау ретінде жадынамалар таратылды. Тренингтен соң жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты  Ш.Есенов атындағы КМТИУ «Ағылшын филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Берсугурова Нұрболсын «Критерий арқылы бағалаудың тиімділігі»тақырыбында коучинг өткізді.Коучинг барысында тақырып бойынша сұрақтар қойылып,практикалық жұмыстар жүргізіліп,бейнероликтер көрсетілді.Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай отырып мұғалімдер критериалды бағалаудың тиімділігін түсінді. Нағыз мұғалім болып қалыптасу жолы ұзақ та күрделі.Жас ұстаз-мектептің болашағы.Ал болашақ әркез бүгіннен басталады.Олай болса,аталмыш семинардың жас мұғалімдердің шығармашылық өсуіне септігі мол болары сөзсіз.  

19-10-2018  

"Алтын күз"

iconМектебімізде « Күз- мереке ,күз- береке» атты апталық өтіп жатыр.Кеше 3-4 сынып оқушыларының ұйымшылдықпен қатыса отырып «Алтын куз»сайыс сабағы болып өтті.Ондағы мақсат оқушыларға күз байлық,күз мереке,молшылық,күз қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу.Өздеріне ерік бере отырып,ауызбіршілікке,ынтамақтастыққа баулу.Сайыс сабаққа оқушылар өте жақсы қатысып өз ойларын ашық жеткізді.Сайыс сабағын өткізген көркем еңбек пәні мұғалімі Қыйзатова Марьяш 

Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебн ...

25 мамыр 2020
Баскетбол 3х3"Ұлттық мектеп лига"жарысы өтті.

24.02.2020 жылы Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында Баскетбол 3х3"Ұлтт ...

02 наурыз 2020
8 сыныптар қатысқан Д.Исабековтың "Әпке" драмасы қойылым болып көрсетілді.

21.02.2020ж мектебімізде 8 сыныптар қатысқан Д.Исабековтың "Әпке" драмасы қойылым болып көрсетілді. Қой ...

27 ақпан 2020
"Өзін-өзі тану" республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.

20.02.2020 жылы мектебімізде "Өзін-өзі тану" республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Нәтижесі ...

27 ақпан 2020