"Алтын белгі" түлектері

Жарияланған күні: 17-06-2019  



14-11-2018  

Диплом І орын

icon «Фариза ақынға 80 жыл» мерекесіне орай аудандық Фариза Оңғарсынова оқулары байқауында І орынға ие болған 9 сынып оқушысы Нәдір Мөлдір марапатталады.Жетекшісі А.Алдабергенова    

13-11-2018  

Диплом ІІ орын

iconҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Мәңгілік ел " ұлттық идеясы,"100 нақты қадам" Ұлт жоспары мен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының идеяларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған  Қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері туралы шығармалар конкурсында ІІ орын алған Шамун Гүлбақыт маратталады.

11-11-2018  

Баскетбол жарысы

icon 10 қарашада өткен жалпы білім беретін 7-8 және 9-10 сынып аралығында аудандық баскетбол ұлдар арасында өткен жарысында №7 мектеп оқушылары 2-3 орынға ие болды. Жетекшілік еткен Құлданов Олжас,Бисенова Садуғаш.    

10-11-2018  

Жайдарман әзіл-әлемі

icon 9 қараша күні Жетібай мәдениет үйінде әкім кубогына жайдарман әзіл-әлемі болды.Соған мектебімізден «Ерекше » топ командасы қатысты. «Ерекше» топ командамыз ІІ-орынмен марапатталса, 9 сынып оқушысы Базарбаев Сағындық «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша марапатталды.

06-11-2018  

Олимпиада

icon Бүгін мектебімізде 8-10 сыныптар бойынша мектеп ішілік олимпиада өтті. 

04-11-2018  

«Аспапта орындаушылық өнері-Домбыра»

icon «Аспапта орындаушылық өнері-Домбыра» номинациясы бойынша қатысып,жоғары деңгейде көрсеткен өнері және білімі үшін Сахарбай Әділбек ІІ дәрежелі лауреат,Қайрадин Мерей ІІІ дәрежелі лауреат дипломымен марапатталады.    

04-11-2018  

"Алтын күз" атты шығармашылық байқау

icon

02-11-2018  

«Алтын күз»

icon Мектебімізде 01.11.2018ж 8-9-10 сыныптар арасында «Алтын күз» атты күзгі бал өтті. Балдың талаптары мен шарттары төмендегідей 6-кезеңнен тұрды: 1. «Сәлемдесу сөз басы » (таныстыру) 2. «Ақыл-ой мен білім әр адамның сәулеті»(ситуациялық сұрақ) 3. «Өнерліге өріс кең»(өз өнерлерін көрсету) 4. Икебана(картиналар,қолдан жасалған бұйымдар) 5. Ауа-райы болжамы (қалжын түрінде) 6. Сән үлгісі(күз бейнесі) Байқауға тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кулчыкова,оқу ісінің меңгерушісі Б.Шаукенова, әдіскер Н.Берсугурова , сызу пәнінің мұғалімі Э.Аманқосова, 2017 жылғы «Күз ханшайымы» байқауының жеңімпазы М.Сарбекова, 11 сынып оқушысы «Жас түлек-2019»Е.Базарбай төрелік етті.Балға  қатысқан үміткерлер: 8 «а» сынып оқушылары Сарбала Ғалымжан,Ескендір Ақмарал. 8 «ә» сынып оқушылары Тулебаев Женисбек, Мұратбайқызы Гүлназ, 8 «б» сынып оқушылары Тағыберген Оспан, Серікбайқызы Сара, 9 «ә» сынып оқушылары Базарбаев Сағындық , Шамун Гүлбақыт, 9 «б» сынып оқушылары Әли Шыңғысхан, Алпан Шұғыла. Барлық қатысушылар байқауға үлкен  дайындықпен келген. Сайысымыздың  қортындысы  төмендегідей нәтиже  берді: белсенді қатысқан үшін  алғыс хаттармен 9«ә» сынып  оқушысы Шамун Гүлбақыт, 9 «б» сынып оқушысы Әли Шыңғысхан, 3-орынды 9«ә» сынып оқушысы Базарбай Сағындық,9 «б» сынып оқушысы Алпан Шұғыла, 2-орынды 8 «ә» сынып  оқушылары Тулебаев  Женисбек, Мұратбайқызы Гүлназ, 1-орынды 8 «б» сынып оқушылары Тағыберген Оспан,Серікбайқызы Сара иеленсе, сайыстың бас жүлдегерлері «күздің ханшасы  мен ханзадасы»  атағын  жеңіп  алған 8 «а» сынып оқушылары  Сарбала Ғалымжан, Ескендір  Ақмарал болды. Жеңімпаздарға  алтын  күз  тәжін «Күз  ханшайымы-2017» байқауының  жүлдегері, 11-сынып оқушысы Сарбекова  Мадина табыс етті. Мерекелік  шара  өз дәрежесінде өткізілді. Бұл  сайыстың  мақсаты: жастарды  табиғат ерекшелігін  талғай білуге, әсемдікке,өнерпаздыққа,жоғары талғампаздыққа  тәрбиелей отырып,білімді,талантты оқушыларды анықтау.      

31-10-2018  

«Ұстаз жолы-ұлы жол»

icon 30 қазан күні мектебімізде «Ұстаз жолы-ұлы жол» атты жас мұғалімдер арасында топтық сайыс өткізілді. Сайысқа 5 топ қатысты. Сайыс өте қызықты мағыналы өтті.Топтар сайыстың шарттары бойынша жақсы дайындықтарын көрсетті.Таныстыру және өнер көрсету кезеңдерінде мұғалімдер өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді.Жас болса да ұстаз деген атқа лайық жас мамандар педагогикалық жағдаяттардан ұтымды ойларын білдіріп жақсы шыға білді.Сабақ жоспарын құру барысында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып педагогикалық шеберліктерін көрсетті.Нәтижесінде белсенді қатысып ерекше көзге түскен «Медуза» тобы бас жүлдеге ие болды.І-орын «Арқар» тобы, ІІ-орын «Жас Stars» тобы,ІІІ-орын «Шаңырақ» тобы.Жас мұғалімдерге алдағы  еңбек жолдарында шығармашылық табыс тілейміз!    

25-10-2018  

«Алтын сақа »

icon «Күз мереке-күз береке» атты бастауыш апталығында 3-4 сыныптар аралығында «Алтын сақа » интеллектуалдық ойыны өтті.Интелектуалды ойында өткен бұйымдардың аттарын есімізге түсіріп керемет сайыс өтті. «Алтын сақа » интеллектуалдық ойынды бастауыш сынып мұғалімі Сагинова Гулмира өткізді.Жоба сұрақтарын бастауыш сынып мұғалімі Кушкинбаева Жеміс ұйымдастырды.      

Соңғы жаңалықтар

"Мектепке жол" акциясы

Құрметті Мұнайшы ауылының тұрғындары , қадірменді ата –аналар! «Мұнайшы ауылы №7 орта мектебі» КМ ...

03 шілде 2019
"Алтын белгі" түлектері

17.06.2019 ж Қарақия ауданы Құрық ауылында аудан әкімі Қ.Ә.Беков мырза мектебіміздің мақтаныштары , сап ...

17 маусым 2019
"Рәміздер күніне"

4 маусым Қазақстан Республикасының "Рәміздер күніне" орай мектебімізде 04.06.2019 күні "Ұлт мақтанышы - ...

04 маусым 2019
Емтихан 11 сынып

Мектебіміздің 11 сынып түлектерінің орыс тілі мен таңдау пәндері бойынша емтихан пакеттері 8/45 те к ...

03 маусым 2019
Хабарландыру

Қарақия ауданы «Мұнайшы ауылының №7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚҰРМЕТТІ АТ ...

02 маусым 2019