"Алтын белгі" түлектері

Жарияланған күні: 17-06-2019  



05-12-2018  

«Елбасы –елінің тірегі,Астана-елімнің жүрегі»

icon 5-і желтоқсан күні «Елбасы –елінің тірегі,Астана-елімнің жүрегі» тақырыбына2,4,5-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.Оның нәтижесі мынандай:2 сыныптар Іорын Жеткізген Инабат,ІІорын Шамун Айым және Ермек Салтанат,ІІІорын Жұмабай Ақжайна.3сыныптар Іорын Орал Айсәуле,ІІорын Иман Нұрдаулет,ІІІорын Нарлыбай Арай,4сыныптар Іорын Аби Әлия және Дәулетбай Ақмаржан,ІІорын Есенжан Ақерке,ІІІорын Асан Шырынгүл,5 сыныптар бас жүлде Иса Бақдаулет,Іорын Сұлтанова Гүлден,ІІорын Мұрат Жәдігер,ІІІорын Мұратбай Ернар марапатталды.  

04-12-2018  

«1 желтоқсан-тұңғыш Президент күні»

icon Желтоқсанның 4-і күні мектебімізде өткен саптүзеуде 10 а сыныбы «1 желтоқсан-тұңғыш Президент күніне» орай ашық тәрбие сағатын өткізді.Сынып жетекшісі Н.Бағдабаева Тәрбие сағаты еліміздің әнұранымен ашылды.Сонымен қатар,әдеби монтаж көрсетіліп,оқушылар елбасымыздың құттықтауын тыңдады.Сабақ жоғары дәрежеде өткізілді. Барлықтырыңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!  

01-12-2018  

"Елбасы - ел тірегі абыройлы, айбатты!"

iconМектебімізде Танауова Айнұрдың ұйымдастыруымен 6"Ә" сыныбына "Елбасы - ел тірегі абыройлы, айбатты!" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларды қызықтыру мақсатында топқа бөлу үшін билет сатылды. Сол билеттер арқылы 3 топқа бөлінді. Яғни сол билеттермен поезд вагондарына бөлініп отырғызылды.1ші желтоқсан Президент күніне орай Астана қаласына аттанды. 1ші саяхат Астананың зәулім ғимараттарын тамашалады. 2ші саяхаттары "Музейге саяхат" әдісі арқылы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянымен танысты. "Есіңе сақта" әдісі арқылы берілген суреттердің атауын жазу үшін топтарға тапсырма берілді. "Ашық микрофон" әдісі арқылы сұрақтары бар қораптан сұрақ алу арқылы сұрақтарға жауап берілді. Ой бөлісу бойынша "Мен Президент болсам" тақырыбында оқушылар өз ойларын ашық айтты. Сергіту сәті бойынша "Жүргек поезд" биімен оқушылар би билеп сергіп қалды. Тілек ағашына елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамызға арналған тілектерін жазды. Оқу ісінің меңгерушісі Шаукенова Биғайша Оразқызы ашық тәрбие сағатына өте жақсы деген баға берді 

30-11-2018  

Спорт

icon 2-30 қараша кундері аралығында Қазақстан бірінші Президентінің күніне орай мектебімізде 5-11 сыныптар арасында спорттық-жаппай іс шаралар ұйымдастырылды:4-5 ші сыныптар арасында қол добы,4-7 сыныптар арасында шағын футбол, 8-11 сыныптар арасында волейбол ойыны,5-7 сыныптар арасында шахмат,тоғызқұмалақ,дойбы ойындарынан жарыс өткізілді.    

30-11-2018  

Бала құқығы-адам құқығы

icon     Қарақия ауданы Мұнайшы аулының «№7 орта мектеп»КММ 2018 жылғы 20-30 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала  құқығы – адам құқығы» атты аудандық онкүндігі өткізілді.    Онкүндіктің мақсаты – білім беру ұйымдары оқушыларының құқықтық мәдениетін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвециясын негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру.  Онкүндік барысында мектепте 21.11.2018 жылы 1-11 сыныптарында «Сен өз құқығыңды білесің бе?», «Бала құқығы», «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» атты тәрбие сағаттары өтті.   22.11.201 жылы 8-10 сынып оқушылары арасында «Менің құқығым және міндетім» атты дебат мектебіміздің тәлімгері Кемелханқызы Шыныр өткізді.   23.11.2018 жылы 9-11 сыныптар арасында мектебіміздің құқық пәні мұғалімі Мысамбаева Гүлбаршынның ұйымдатыруымен «Мен және менің құқығым» пікірталастар өтті. Оқушылар пікірталасқа белсенді қатысып, құқық жөнінде білімдерін кеңейтіп шықты.   26.11.2018 жылы 5-6 сыныптар арасында «Құқық туралы» дөңгелек үстел өтті, 3-8 сынып оқушылары арасында «Өз құқығыңды білесің бе?» мектебіміздің құқық пәні мұғалімі Епенова Самал сауалнама алды.   27.11.2018 жылы 4 сыныптар ата-аналарымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста мектебіміздің психологі Б.Ербосынова ата-аналарға психологиялық кеңес беріп өтті. Ата – аналар өз пікірлерімен бөлісті. 28.11.2018 жылы мектебімізде 9-11 сыныптар арасында ауылымыздың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сұлтанов Хамит ағаймен кездесу өтті. Кездесуде Хамит ағай өз тәжірбиесі туралы бөлісіп,оқушыларды сұрақтарына жауап берді.   28-29.11.2018 жылы «Балаларға қатысты қатыгездік нысандары және оның зардаптары»тақырыбында 8-9 сыныптарға Жаңабаева Кәмшат бейнероликтер көрсетті. 29-30.11.2018 жылы аралығында «Балалық шақ – мейірімділік мекені» ұранымен «Спорт біздің болашағымыз» атты спорттық іс-шаралар өткізіліді. 

29-11-2018  

icon Қарақия ауданы Мұнайшы аулының «№7 орта мектеп»КММ 2018 жылғы 26-30 қараша аралығында мектеп оқушылары арасында бір-біріне күш көрсету,  зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында мектебімізде қамқоршылық кеңесінің төрағасымен ,ата-аналар комитетінің мүшесімен және мектеп испекторымен ата-аналар жиналысы өткізілді.  

28-11-2018  

Мектеп оқушыларының Президентін сайлау қортындысы

icon Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай мектеп өмірінің  мәселелерін  шешуде  оқушылардың өзін-өзі  басқарудағы  өз бетімен  шешім  қабылдау қабілеттілігін  арттыру, оқушыларды  қоғам мен  мемлекетті  басқару  тетігіне  дайындау  мақсатында өткен  сайлау мектебімізде мектеп Президентің  сайлауы өтті. Сайлауға 10 сыныптан Жұматаев Саламат, Сарыбекова Мадина ,8 сыныптан Таңатаров Қасымхан,Бекетаева Аида,Мұратбайқызы Гүлназ,Дарғанбай Гүлдана қатысқан болатын.Бұл  оқушылардың бәрі дерлікмектепшілік  және аудандық іс-шараларда ат салысып жүргендер.Дауыс беруге мектебіміздің 5 сынып оқушыларынан бастап 11 сынып оқушылары және ұстаздар,мектеп қызметкерлері барлығы қатысқан болатын. Жасырын  түрде өткен сайлаудың қортындысы комиссия мүшелерінің  алдында саналды.Қортынды бойынша Жұматаев Саламат -243,Сарыбекова Мадина-109,Бекетаева Аида-24,Дарғанбай Гүлдана-17,Мұратбайқызы Гүлназ-15,Таңатаров Қасымхан-6 дауыс жинады.  

26-11-2018  

Ана мен бала сайысы

icon 26-қараша күні Қазақ тілі пәні апталығына орай Ғалия Теңізбаеваның ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында «Ана мен бала» сайысы өткізілді. Бүлдіршіндерге ата-баба дәстүрін насихаттап, аналардан тәлім-тәрбие алып, олардың көрсеткен ұлттық рәсімдерін естеріне сақтап, тәлім-тәрбие алу мақсатында өткізілді.   Сайыста оқу ісінің меңгерушісі Б.Шаукенова, қазақ тілі пәні мұғалімі Алдабергенова Айжан, мектеп психологы Бағдабаева Несібелі, дене шынықтыру пәні мұғалімі Бисенова Сандуғаш, тәрбие ісінің меңгерушісі Кулчыкова Амангүл төрелік етті. Таныстыру бөлімі бойынша Жұбан Мағжан Назира анасымен бірігіп, өздерін ерекше таныстырып өтсе, сұрақ-жауап бойынша Әнуарбекұлы Нұрдәулет Мейрамгүл анасымен бірігіп ұшқыр жауап қатты. «Өнерлі өрге жүзеді» бөлімі бойынша Жақсылық Мадина Гүлжан анасымен әсем әуенмен ән шырқады. «Ұлттық салт-дәстүр» бөлімі бойынша Әнуарбекұлы Нұрдәулет «Тұсаукесер» рәсімін жасап, ерекше көрермен ықыласына бөленді. «Өнерлінің қолы алтын» бөлімі бойынша Халмұратқызы Диана Сұлухан анасымен құрақ көрпеше тігіп, Нұрдәулет керемет қолдан табиғат аясын суреттеген қолөнерімен ерекше көзге түсті. Әділқазы мүшелері ақылдаса келе сайысқа қатысушыларға әділ бағасын бере отырып, мынадай қорытындыға келді: Бас жүлдені 5в сынып оқушысы Жұбан Мағжан, I-орын 5ә сынып оқушысы Әнуарбекұлы Нұрдәулет пен Жақсылық Мадина, II-орын 5ә сынып оқушысы Атабай Шадыман және Халмұратқызы Диана   , III-орын 5б сынып оқушысы Жомарт Алина  иеленді. Оқу ісінің меңгерушісі Шаукенова Биғайша сайыстың өте жоғары дәрежеде өткендігін атап өтіп, аналарды алдағы уақытта да мектеппен тығыз байланыста болып, мектепішілік байқауларға белсене қатысуларын сұрады.  

23-11-2018  

«Әбіш әлемі»

icon «Болашаққа бағдар:рухани-жаңғыру»бағдарламасы негізінде Аудандық «Әбіш әлемі» ғылыми-тәжірибелік конференциясында Бас жүлдеге ие болған 10 сынып оқушысы Кабулов Муса марапатталады.Жетекшісі Қарақожаева Сабира.Бірінші орынға ие болған 8 сынып оқушысы Сарыбала Ғалымжан марапатталады.Жетекшісі Алдабергенова Айжан.  

23-11-2018  

«Достық-өмірлік нұсқа» ашық сабақ

icon 23 қараша күні 7 «б» сыныбында А.Алдабергенованың  қазақ тілі   пәнінен   «Достық-өмірлік нұсқа» тақырыбында  ашық  сабақ  болып өтті. Сабақ   барысында   оқушылар   үйден         «Шынайы достық » тақырыбына шағын өте жақсы-жақсы шығармаларын жазып келіп оқыды.Сабақ үстінде достық туралы шешендік сөздер,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,әндер айтылып,постер қорғалып,ребус құрастырылып,ашықхат жасалып,шағын шығарма жазылып,оқулықтағы достыққа байланысты берілген мәтінге жоспар құралып ,тапсырмалар орындалды.Оқушылардың көпшілігі сабаққа белсене қатысып,сабақтың қызықты,тартымды өтуіне атсалысты. Кері байланысты оқушылар «Достық» тақырыбына тағы білгілері келетінін,бүгінгі сабақ туралы пікірлерін стикерлерге жазды.Оқушылардың барлығы бағаланды.  

Соңғы жаңалықтар

"Мектепке жол" акциясы

Құрметті Мұнайшы ауылының тұрғындары , қадірменді ата –аналар! «Мұнайшы ауылы №7 орта мектебі» КМ ...

03 шілде 2019
"Алтын белгі" түлектері

17.06.2019 ж Қарақия ауданы Құрық ауылында аудан әкімі Қ.Ә.Беков мырза мектебіміздің мақтаныштары , сап ...

17 маусым 2019
"Рәміздер күніне"

4 маусым Қазақстан Республикасының "Рәміздер күніне" орай мектебімізде 04.06.2019 күні "Ұлт мақтанышы - ...

04 маусым 2019
Емтихан 11 сынып

Мектебіміздің 11 сынып түлектерінің орыс тілі мен таңдау пәндері бойынша емтихан пакеттері 8/45 те к ...

03 маусым 2019
Хабарландыру

Қарақия ауданы «Мұнайшы ауылының №7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚҰРМЕТТІ АТ ...

02 маусым 2019