"Алтын белгі" түлектері

Жарияланған күні: 17-06-2019  



03-07-2019  

"Мектепке жол" акциясы

iconҚұрметті Мұнайшы ауылының тұрғындары , қадірменді ата –аналар! «Мұнайшы ауылы №7 орта мектебі» КММ 2019жылдың 03 шілдесі мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жыл сайынғы жалпыреспублиқалық қайырымдылық акциясы басталғанын хабарлайды. Ақцияның мақсаты- аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан , жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады . Акцияның басталуына байланысты «Жақсылық жасап жарысайық »демекші жеке кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдарды , меценаттарды және көмектесемін деген әр бір жанды акцияны қолдап, қол үшін беруге шақырамыз. 

17-06-2019  

"Алтын белгі" түлектері

icon17.06.2019 ж Қарақия ауданы Құрық ауылында аудан әкімі Қ.Ә.Беков мырза мектебіміздің мақтаныштары , сапалы білім, саналы тәрбие алған талай талай білім додаларында білімдерімен біліктерін дәлелдей білген түлектеріміз Абатова Нұргүл Талғатқызы мен Қален Диас Қайратұлына "Алтын белгі" және сыйлы сертификаттарын табыстады. "Ел болашағы - білімді жасталдың қолында" демекші жастарымыздың қанаттары талмай биікке самғай берсін, бағындырар жеңістері көп болсын, еліміздің өркендеуіне мол үлестерін қоса берсін. "Алтын белгі" құтты болсын. 

04-06-2019  

"Рәміздер күніне"

icon4 маусым Қазақстан Республикасының "Рәміздер күніне" орай мектебімізде 04.06.2019 күні "Ұлт мақтанышы - Мемлекеттік рәміздер" тақырыбында іс-шаралар жүргізілді. Мектебімізде сап түзеу өткізіліп, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Еліміздің мемлекеттік гимні орындалды. Оқушылар арасында "Елдіктің бір куәсі- рәміздер" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларға Мемлекеттік рәміздері авторлары туралы фильмдер және слайд көрсетілді. Оқушыларымыз "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы" тақырыбында шығармалар жазып, нәтижесінде 7 сынып оқушылары Үзембай Нұрбектің, Мұрат Жалғастың және 4 сынып оқушысы Жұмағали Нұрсұлтанның шығармалары "үздік" деп бағаланды. 

03-06-2019  

Емтихан 11 сынып

icon Мектебіміздің 11 сынып түлектерінің орыс тілі мен таңдау пәндері бойынша емтихан пакеттері 8/45 те комиссия төрайымы, директордың оқу ісінің жөніндегі орынбасары барлық таңдау пәнінің мұғалімдері және мектеп бітіруші түлектердің қатысуымен ашылып өтті.  

02-06-2019  

Хабарландыру

Қарақия ауданы «Мұнайшы ауылының №7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚҰРМЕТТІ АТА – АНАЛАР! Маусым айынан бастап 1 сыныпқа қабылдау басталды.  Ата – ананың мазалайтын бірнеше сұраққа жауап береміз. Біріншіден: Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет. 1. баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (ерікті түрде);  2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3. «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3; 4. №063/у нысандағы денсаулық жағдайы туралы құжат; 5. 3 х 4 көлеміндегі фото – екі дана; Құжат қабылдау ағымдағы жылғы  03 маусым – 30 тамыз аралығында жүргізіледі. Екіншіден: Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі жәнедаму ережесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. Үшіншіден: Баланың немесе білім алушының ата – аналары немесе өзге де заңды өкілдері баланың немесе білім алушының қалауын, жеке қабілетін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдайды. Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім алушының ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқарудың жергілікті органдарына жүгінеді. Төртіншіден: Мектепке қабылдау туралы арыз және тиісті құжаттарды, тұрғылықты жеріңіз бойынша қағаз және электронды түрде тапсыруға болады. Ескерілетін жағдай: микробөлімшелер (микроучастки) арқылы бала қабылданбайды, мекен-жай анықтамасы (адресная справка) алынып тасталды. Алайда, мектепке алдымен сол микробөлімшелерге тиісті жерлердегі балалар қабылданады. Бос орын болған жағдайда, мектептер сайтқа салатын болады.  

02-06-2019  

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

icon Мектеп кітапханасында 31- мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Қасіретті жылдар жаңғырығы" атты кітап көрмесі жасақталып, оқушыларға библиографиялық шолу жасалды.    

30-05-2019  

Емтихан

icon30.05.2019 жыл күні негізгі білім курсын бітіруші 9 сыныптардың орыс тілінен емтихан пакеті сағат 8-45 те ашылды. Емтихан пакетінің ашылуына қамқоршылық кеңесінің мүшесі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі және пән мұғалімдері мен оқушылар қатыстырылды. 

30-05-2019  

25-мамыр Соңғы қоңырау

icon

28-05-2019  

22-мамыр күні мектебіміздің 4- сыныптың бастауыш пен қоштасу салтанатты іс-шарасы аталып өтілді.

icon

26-05-2019  

26 мамыр- "Қағаз қалдықтарын жинау күні"

icon

Соңғы жаңалықтар

"Мектепке жол" акциясы

Құрметті Мұнайшы ауылының тұрғындары , қадірменді ата –аналар! «Мұнайшы ауылы №7 орта мектебі» КМ ...

03 шілде 2019
"Алтын белгі" түлектері

17.06.2019 ж Қарақия ауданы Құрық ауылында аудан әкімі Қ.Ә.Беков мырза мектебіміздің мақтаныштары , сап ...

17 маусым 2019
"Рәміздер күніне"

4 маусым Қазақстан Республикасының "Рәміздер күніне" орай мектебімізде 04.06.2019 күні "Ұлт мақтанышы - ...

04 маусым 2019
Емтихан 11 сынып

Мектебіміздің 11 сынып түлектерінің орыс тілі мен таңдау пәндері бойынша емтихан пакеттері 8/45 те к ...

03 маусым 2019
Хабарландыру

Қарақия ауданы «Мұнайшы ауылының №7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚҰРМЕТТІ АТ ...

02 маусым 2019