"Адалдық сағаты"

Жарияланған күні: 02-09-2019  



21-10-2019  

Информатика пәнінен "Алтын диск" олмпиадасы өтті.

icon21.10.2019ж Қарақия аудандық информатика пәнінен "Алтын диск" олмпиадасы өтті. Мектебіміздің информатика пәнің мұғалімі Молдасынова Райгүл ІІІ- дәрежелі орын иеленді. Құттықтаймыз. 

20-10-2019  

Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жыл толуына орай дәріс өткізді.

icon Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ азаматы Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жыл толуына орай Қарақия аудандық жастар орталық ресурстарының маманы Қайырхан Асу мектебіміздің 11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Жас ордасына тігілген жайнаған тудан қазақ қаһармандығына мәңгі өлмес ескерткіш қойған жау жүрек батыр Рақымжан Қошқарбаев туралы "Өмір жолы" атта видеоролик көрсетіліп, түсінік берді.  

20-10-2019  

Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдығына орай "Заңғар жазушы туралы зиялы сөз" атты әдеби кеш өтті.

iconМектеп кітапханасында Заңғар жазушы, жерлесіміз Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдығына орай "Заңғар жазушы туралы зиялы сөз" атты әдеби кеш өтті. "Дархан дарын иесі" атты көрме жасақталды. Кеште оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысты. 

20-10-2019  

Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған "Әбіш әлемі" аудандық көркем сөз оқу байқауы өтті.

icon Қарақия аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған "Әбіш әлемі" аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауында" мектебіміздің жас маманы Серікбаева Гүлжайна белсенділік танытып ІІ-дәрежелі орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!  

18-10-2019  

Эстафеталық сайыс.

icon18.10.2019 жылы мектебімізде бастауыш апталығы өтті. Сонымен қатар мектебіміздің дене пәнінің мұғалімі Карабалин Ақкенже Аманқосқызының ұйымдастыруымен 4 сыныптар арасында эстафеталық сайысы өті. 

17-10-2019  

"Байтерек" интелектуалдык ойыны өтті.

icon17.10. 2019 күні мектебімізде бастауыш апталығына байланысты 3 сынып оқушылар арасында "Байтерек" интелектуалдык ойыны өтті. 

17-10-2019  

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының және «Шаңырақ» ұйымының кезекті отырысы өтті.

icon«Мұнайшы ауылының №7 орта мектебі»КММ-де қазан айының 15 күні «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының және «Шаңырақ» ұйымының кезекті отырысы өтті.Отырыста Елімізде алғаш бастау алған «Ізгілік елшісі» атты еріктілердің ұлттық жобасы таныстырылды.Бұл жоба ауылымыздағы көпбалалы аналарға,қарттарға және балалары түрлі аурулармен ауыратын отбасыларға қолдау көрсету үшін құрылғандығы туралы толыққанды мағлұмат алып,еріктілердің осы қозғалысын ұйым басшылары қолдауға шақырды. Аталған жобаның мақсаты- айналамыздағы көмекке мұқтаж жандарға кол ұшын беруге,жалпы жастарды адамгершілікке,ізгілікке тәрбиелеуге арналған. Осы бағытта мектебімізде 18 қазан күні мектеп психологі және тәрбие жөніндегі орынбасарының ұйымдастыруымен аталған ұйыммен 10-11 сыныптар арасында «Парасат - ақыл мінез жарастығы» дөнгелек үстел өткізілді. Мектебіміздің жас мамандары мен оқушылары «Мейірімділік сыйла әлемге» атты жәрмеңке өткізді.Жас мамандардың іңбектерімен жасалған тағам түрлері сатылымнан өз орындарын тапты. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады демекші, жәрмеңке соңында жәрмеңкеден түскен қаржыға 4 отбасыға көмек берілді. 

17-10-2019  

Республикалық, Облыстық, Аудандық алғыс хат.

iconҰстаздар күніне орай АББ-де ұйымдастырылған мерекелік шараларда мектебіміздің ардагер ұстаздары Республикалық, облыстық, аудандық алғыс хаттармен марапатталды. Ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын 

17-10-2019  

Ұстаздар қауымының төл мерекеі. 2019ж

iconҰстаздар күніне орай ұйымдастырылған шараларда мектебіміздің ұлағатты ұстаздары облыстық, аудандық сайыстарда жеткен жетістіктер. Ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын 

16-10-2019  

Мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті.

icon03.10.2019ж мұғалімдердің төл мерекесіне орай мектебімізде кәсіподақ мүшелері Жұмаева Күлбаршын және Қазбекова Динара апайлардың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті. Ұстаздарымызды келіп жеткен төл мерекесімен шын жүрекпен құттықтаймыз 

Соңғы жаңалықтар

Информатика пәнінен "Алтын диск" олмпиадасы өтті.

21.10.2019ж Қарақия аудандық информатика пәнінен "Алтын диск" олмпиадасы өтті. Мектебіміздің информати ...

21 қазан 2019
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жыл толуына орай дәріс өткізді.

Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ азаматы Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 95 ж ...

20 қазан 2019
Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдығына орай "Заңғар жазушы туралы зиялы сөз" атты әдеби кеш өтті.

Мектеп кітапханасында Заңғар жазушы, жерлесіміз Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдығына орай "Заңғар жазушы ...

20 қазан 2019
Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған "Әбіш әлемі" аудандық көркем сөз оқу байқауы өтті.

Қарақия аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Ке ...

20 қазан 2019
Эстафеталық сайыс.

18.10.2019 жылы мектебімізде бастауыш апталығы өтті. Сонымен қатар мектебіміздің дене пәнінің мұғалім ...

18 қазан 2019